Іздестіру формасы

Қызметі туралы

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі

Қоғамдық кеңесінің 2018 жылғы I жарты жылдықта атқарған

жұмысы туралы

 

Халықтың алдында есеп беруші мемлекетті қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық институттар мен азаматтардың мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына кең қатысуын қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде, 2015 жылғы қарашада «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қол қойылды. Бұл нормативтік құқықтық актінің мақсаты мемлекеттік органдардың жанында қызмет ететін Қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін және өкілеттігін бекіту болып табылады.

Бұдан басқа, қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру мен өткізу Үлгілік талаптары қолданылады.

Қоғамдық дамуминистрінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 2 бұйрығымен Министрліктің Қоғамдық кеңесі құрылды. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді, оның ішіне 15 мүше кірді (5 – Министрлік, 10 – азаматтық қоғам өкілдері).

2018 жылғы 19 қаңтарда ҚР Қоғамдық дамуминистрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Іс-шараға Қоғамдық кеңестің мүшелері, ҚР Қоғамдық дамуминистрі Нұрлан Ермекбаев, ҮЕҰ өкілдері, діни бірлестіктер, жастар ұйымдары мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асыру барысы талқыланды.

Отырысы барысында Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы дипломатия институтының профессоры Төлеутай Сүлейменов баяндама жасап, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының стратегиялық маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатының маңызды негізі ретінде әлеуметтік салаға, зейнетақымен қамсыздандыруға және адами капиталды дамытуға ерекше назар аударды», - деді Т. Сүлейменов.

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының іске асырылу барысы туралы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Өтешов баяндады. Ол Қоғамдық дамуминистрлігінің  «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» базалық бағыттарын қамтитын «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыру барысына кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни заттардың қосылған құн салығынан босатылатыны туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарады.

Талқылау қорытындысы бойынша дін саласы, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл және жастар саясатын іске асыру бойынша жұмыстарды жетілдіру ұсыныстары тыңдалып, Қоғамдық кеңестің мүшелері өз пікірін ортаға салып, пікір алмасты.

Қоғамдық кеңестің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат пен мәліметтер министрліктің интернет-ресурсында жарияланады.

Қоғамдық кеңестің қызметі, жоспарланған және өткізілген отырыстар, Қоғамдық кеңестің өзекті мәселелері туралы ақпарат БАҚ-та мерзімді жарияланады.

Қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері республикалық іс-шараларға, оның ішінде Қоғамдық кеңестің ең өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдерге, семинарларға белсене қатысады.

There is currently no content classified with this term.