Іздестіру формасы

Жастар жылы жас қазақстандықтарға қандай мүмкіндіктер ашады?

Дата размещения: 24.01.2019 - 15:59
Дата последнего обновления: 24.01.2019 - 16:00
Жастар жылы жас қазақстандықтарға қандай мүмкіндіктер ашады?

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жастар жылының ашылуында сөйлеген сөзінің қорытындысы бойынша негізгі месседждерге тоқталып өтсек:  

- «Жас Маман» (100/200) бағдарламасы әзірленетін болады: 200 мың қазақстандық 200 танымал білім беру мекемелерінің базасында 100-ден аса танымал мамандықтар бойынша дайындалады;

- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мамандықтардың тізімі кеңейтіледі. Ауылға көшкен жас мамандарға 100 АЕК (252,500 теңге) көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі;  

- Студенттік еріктілерге арналған стипендиялар 30% -ға өседі;

- Стартаптарды қолдау Қоры құрылады;

- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге екі есе көлемде гранттар бөлінеді;

- Жыл сайын Алматы, Астана, Шымкент қалаларында жас отбасыларға жалға берілетін тұрғын үй аясында кем дегенде 1000 пәтер салынатын болады;

- Біздің елімізде қашықтықтан білім беру саласы кеңейтіледі, бұл үшін Open University жобасы әзірленеді;

- Жас ғалымдардың қолданбалы ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға жыл сайын 3 млрд. теңге бөлінеді.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы жастар жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқанын естеріңізге сала кетейік, оның шеңберінде сапалы білім беру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, тұрғын үй мәселесін шешу, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды дамытуға бағытталған шаралар қабылданатын болады.