Іздестіру формасы

Вице-министр Жұлдыз Омарбекова Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілінің орынбасарымен екі жақты ынтықмақтастық мәселелерін талқылады

Дата размещения: 02.11.2018 - 18:20
Дата последнего обновления: 02.11.2018 - 18:25
Вице-министр Жұлдыз Омарбекова Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілінің орынбасарымен екі жақты ынтықмақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы Өкілінің орынбасары Вероника Ващенкомен кездесті.

Кездесу барысында жастар, отбасы және  балалардың мәселелері бойынша  екі жақты ынтымақтастықты дамытудың перспективалары талқыланды.

Вице-министр Жұлдыз Омарбекова Вероника Ващенконы Қор өкілінің орынбасары лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жастармен жұмыс жасауда ЮНИСЕФ ұйымымен  белсенді ынтымақтасуға сенім білдірді.

Ж. Омарбекова ЮНИСЕФ Өкілінің орынбасарын жастар және отбасы мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін жастар және отбасы істері комитетінің ағымдағы міндеттері мен ұзақ мерзімді басымдықтарымен таныстырды.  

Вице-министр Жұлдыз Омарбекова Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілінің орынбасарымен екі жақты ынтықмақтастық мәселелерін талқылады

Атап айтқанда, вице-министр алдағы Жастар жылын өткізу бойынша арнайы жол картасы әзірленіп жатқанын айтты. Кешенді құжатта сапалы білім беру, жұмыспен қамту, денсаулықты нығайту, жастардың инфрақұрылымын дамыту, жастардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша бірқатар шаралар қарастырылған.

Вероника Ващенко өз кезегінде ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастықтың кезекті бес жылдық бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын, сондай-ақ, жастар мен балаларға қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған  жоспарларымен бөлісті.

Кездесу барысында жастар ресурстық орталықтарының және балаларға арналған бірыңғай Call-орталығының қызметін ұйымдастыру бойынша сындарлы пікір алмасулар өтті, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид оқиғаларының  алдын-алуға, ауыл жастарының әлеуетін арттыруға және Қазақстандағы еріктілер қозғалысын дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты диалогтың және жастар және отбасы саясаты саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.