Іздестіру формасы

Вице-министр Сергей Коновалов Зульфия Байсақоваға «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады

Дата размещения: 25.12.2018 - 16:50
Дата последнего обновления: 25.12.2018 - 16:50
Вице-министр Сергей Коновалов Зульфия Байсақоваға «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады

Бүгін 25 желтоқсан күні Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Үйлестіру кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының қоғамдық даму вице-министрі Сергей  Коновалов Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Алматы қаласындағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ директоры Зульфия Байсақоваға «Ерен еңбегі үшін» медалін салтанатты түрде табыс етті.

Атап өткен жөн, Зульфия Байсақова 1998 жылдан бастап үкіметтік емес секторда жұмыс істейді, ол әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктен зардап шеккендерді әлеуметтік ортаға бейімдеу мәселелерін көтеріп келеді. Оның жетекшілігімен зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру әдістері мен формалары әзірленді. Ол өзінің еңбек жолының  20 жылын аталған жұмысқа арнаған.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен экономикада, әлеуметтік салада, ғылымда, мәдениетте және мемлекеттік қызметте табысқа жеткен  азаматтар марапатталады.