Іздестіру формасы

Үкімет отырысында Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасына арналған толықтырулар мақұлданды

Дата размещения: 26.03.2019 - 10:15
Дата последнего обновления: 29.03.2019 - 15:14
Үкімет отырысында Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасына арналған толықтырулар мақұлданды

26 наурыз күні кезекті Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасына арналған толықтыруларға қатысты баяндама жасады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жастар жылын өткізу бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрт басты блок бойынша нақты міндеттер қойғанын баяндады:

· қолжетімді білім мен таланттарды қолдау;

· жұмыспен қамтамасыз ету;

· әлеуметтік қолдау;

· азаматтық ұстаным мен этносаралық келісімді, патриоттықты нығайту.

Тұңғыш Президент атап өткендей: «Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты». Сондықтан мемлекеттік жастар саясатының мақсаты – оларға толыққанды рухани, мәдени, білім беру, кәсіби және физикалық тұрғыдан жан-жақты қолдау білдіру. Барлық көрсетілген бағыттарды іске асыру үшін Үкімет Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасын қабылдады. 23 қаңтар күні Ұлт көшбасшысы жастар форумы барысында жастардың сөзін тыңдады және олардың ұсыныстарын құжатқа енгізуді тапсырды. Қазір Жастар жылын өткізуге қатысты Жол картасы қабылданған. Алайда,  кездесуден кейінгі жастардың ұсыныстары ескеріліп жаңа 5 бастама қосылып отыр.

Бірінші. Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, жас қазақстандықтардың кәсіптік бағдарын анықтауға бағытталған «Өзіңді тап» жобасын іске қосу. Яғни жастарға өзі қызығатын дұрыс мамандық таңдауына бағыт беру керек.

Екінші. Еліміздің аймақтарында бүркітшілер орталығын ашу және дамыту шараларын қабылдау. Жаттығу орталықтарын ашып, түрлі деңгейдегі жарыстар өткізіп қана қоймай, Мәдениет және спорт министрлігімен бірігіп бұл көне өнерді Қазақстандағы этнотуризмнің маңызды элементіне айналдыру жоспарланған.

Үшінші. Өзін-өзі қорғау бойынша тегін шеберлік-сыныптарын өткізуді қарастырумен жастарға арналған спорттық клубтарды дамыту бойынша тиісті шаралар қабылдау.

Төртінші. Еліміздегі ЖОО-лармен және колледждермен бірігіп «Студенттік бастама» деп аталатын жалпыреспубликалық волонтерлер қозғалысын және жас волонтерлер базасын құру. Осылайша, мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарттарға, жетімдер мен жалғызбасты, үйсіз-күйсіз адамдарға көмек көрсету.

Бесінші. Медиа саланың келешегінен үміт күттіретін жас өкілдерін тарта отырып, Қазақстан ұлттық брендін алға жылжытуға бағытталған жаңа құралдар жасау.

«Асыл – тастан, ақыл - жастан» дейді дана

халқымыз.Сондықтан да  біздің мемлекетте әрдайым

жастарымыздың білім алуына, тұлға болып қалыптасуына ерекше назар аударылады. Олардың бастамаларын, тың

идеяларын қолдауға біз де дайынбыз. Еліміздің игілігін

арттыру үшін еңбек етуге, мықты маман ретінде алға

жылжуға  Қазақстанда барлық мүмкіндіктер бар»,- деп ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев сөзін қорытындылады.