Іздестіру формасы

Сергей Коновалов «Право» қоғамдық қоры басшысының 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Дата размещения: 27.02.2019 - 16:58
Дата последнего обновления: 27.02.2019 - 16:58
Сергей Коновалов және Ольга Рыль

ҚР Қоғамдық даму вице-министрінің  міндетін атқарушы Сергей Коновалов «Право» қоғамдық қорының басшысы Ольга Рыльді  60 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Вице-министр О.Рыльге салтанатты түрде «Құттықтау хатын» табыс етті. Құттықтау сөзінде Ольга Владимировнаның адам құқықтарын қорғау мен ілгерілетуде, азаматтарды әлеуметтік-құқықтық қолдауда, оңалту және бейімдеу орталықтарын қалыптастырып, дамытуда қосқан зор үлесін атап өтті.

С.Коновалов мерейтой иесіне зор денсаулық, мол бақыт және кәсіби табыс тіледі

«Құқық» қоғамдық қоры «Шанс» әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығының құрылтайшысы болып табылады, ол заңға қайшы немесе қиын өмірлік жағдайда болған, кәмелетке толмағандарға қолдау көрсетеді.