Іздестіру формасы

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінің жұмысы аясында Қоғамдық даму министрі белгілі саяси және қоғам қайраткерлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Дата размещения: 17.10.2018 - 17:03
Дата последнего обновления: 17.10.2018 - 17:05
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінің жұмысы аясында Қоғамдық даму министрі белгілі саяси және қоғам қайраткерлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Ағымдағы жылдың 10-11 қазанында Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі алаңында  ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Түркияның  Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашамен, Уақыфтар және Ислам істері жөніндегі Марокко Корольдігінің министрі Ахмад Тауфикпен, Малайзияның   ұлттық бірлік пен қоғамдық әл-ауқат министрі  Вэйза Мурси Понусаминмен, Британдық қоғамдық өмірге сену және дін бойынша Комиссиясының төрағасы, Вульф институтының директоры  Эдвард Кесслермен, Дубайдың  ислам істері және қайырымдылық департаментінің атқарушы директоры Ахмед әл-Мухейримен, сондай-ақ, зорлық-зомбылық экстремизімінің алдын алу бойынша «Хедая» халықаралық орталығының төрағасы Әли Рашидпен кездесті.

 ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Вульф институтының директоры Эдвард Кесслермен

Министрлер Ахмад Тауфик және Вэйза Мурси Понусаминмен кездесу барысында тараптар жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін дінаралық диалог және әлеуметтік үйлесім, сондай-ақ жас ұрпаққа білім беру және  адамгершілікке тәрбиелеу саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.

Али Эрбашамен кездесу барысында заманауи қоғам өміріндегі дәстүрлі діндердің рөліне қатысты көптеген мәселелер бойынша пікір алмасулар  өтті. Түрік өкілі Қазақстан Президентінің бастамасымен құрылған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі әртүрлі діни нанымдардың ізбасарларын біріктіретін жаһандық диалог алаңына айналғанын атап өтті.

Эдвард Кесслермен кездесу барысында діни лидерлердің Астана Саммитінің мақсаттары мен міндеттерін халықаралық аренада және форумды институционалауда маңызды құрал бола алатын конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту бойынша Н.А.Назарбаев атындағы орталықты құру туралы бастаманы жүзеге асыруға қатысты пікір алмасылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты, конфессияаралық диалогты дамыту туралы келісімге қол жеткізді.

Ахмед Әл-Мухейримен кездесу барысында Әмірліктердің қайырымдылық қорының және «Уакып» Қазақстандық корпоративтік қайырымдылық қорының қызметінің таныстырылымы өтті. 

Мәселен, Дархан Кәлетаев шетелдік мейманды  «Уақып» қорының қызметімен жан-жақты таныстырып, оның негізгі жұмысы Қазақстандағы әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталғанын атап өтті.

Өз кезегінде Ахмед Әл-Мухейри  БАӘ-де 15 қайырымдылық қорының бар екенін айтты, осыған байланысты ол еліміздегі қайырымдылық іс-шараларын дамытуға жәрдемдесу мақсатында қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға дайын екенін айтты.

Әли Рашид әл-Нуейми экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылға байланысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Әли Рашид әл-Нуейми негізгі қызметі - экстремизмнің алдын алу, оның ішінде жастарды теріс идеологиялық ықпалдан қорғауға бағытталған  халықаралық «Хедая» орталығының  қызметі туралы әңгімеледі. Ол Исламның бейбітшілікке үндейтін дін екенін, ал кейбір топтардың діннің құндылықтары туралы қате түсінік қалыптастырып отырғанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар діни экстремизмге қарсы күрестегі екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ осы бағытта  қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұруды күшейту қажеттігін атап өтті.