Іздестіру формасы

ҚР Қоғамдық даму министрлігі және Қазақстанның Азаматтық Альянсы ынтымақтастық туралы меморандум бекітті

Дата размещения: 04.10.2018 - 17:46
Дата последнего обновления: 04.10.2018 - 18:06
ҚР Қоғамдық даму министрлігі және Қазақстанның Азаматтық Альянсы ынтымақтастық туралы меморандум бекітті

Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарының даму тұжырымдамасын талқылауға арналған ұлттық тыңдаулар аясында ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық Альянсы өзара ынтымақтастық туралы меморандум бекітті. 

Меморандумға ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев және «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Асылбек Қожахметов қол қойды.

Құжатта бостандық, теңдік және келісім идеалдарына адал Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамын дамытудың өзекті тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту; коммерциялық емес ұйымдарды қолдау жүйесін, қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіруге, азаматтық секторға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті заңнамалық өзгерістерге жәрдемдесу; азаматтық мәдениет және азаматтық ағартуды дамыту бойынша шаралар қамтылған.

Сонымен қатар, меморандум тараптардың уәкілетті өкілдері арасында өзара ақпарат алмасу, бірлескен құжаттарды, жобаларды келісуін қарастырады.

Айта кетейік, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарының даму тұжырымдамасын талқылау үшін ұлттық тыңдаулар өтті. Шараға мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес сектордың өкілдері және қоғам қайраткерлері, жалпы 300-ден астам адам қатысты.

Ұлттық тыңдалым қорытындысы бойынша республикадағы және аймақтық ҮЕҰ-дың қызметін жақсарту мақсатында еліміздегі азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын қалыптастыру бойынша бірқатар ұсыныстар жиналды. Айта кетейік, жаңа тұжырымдама 2018 жылы өтетін VIII ҚР Азаматтық форумында таныстырылады.