Іздестіру формасы

ҚР Қоғамдық даму министрлігі жанынан медиация институтын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес құрылады

Дата размещения: 30.11.2018 - 17:24
Дата последнего обновления: 30.11.2018 - 17:24
ҚР Қоғамдық даму министрлігі жанынан медиация институтын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес құрылады

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Астана қаласында Қазақстандағы медиация институтының жағдайы және даму болашағы талқыланды. Дөңгелек үстел жұмысына медиаторлар, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушы - ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

Негізгі спикерлер ретінде ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитетінің төрағасы Ә.Ғалымова, Жоғарғы сот судьясы Ұ.Сүлейменова, Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі С.Сүлеймен, «Медиаторлардың ұлттық палатасы» РҚБ Басқарма төрағасы С.Романовская, «Медиаторлардың ұлттық палатасы» РҚБ өкілі М.Дячук, «Қазақстандық медиаторлар палатасы» ҚБ басшысы Э.Есімбетова, «Қазақстандық Медиация және «Диалог» шиеленісті шеші орталығының» директоры Т.Савицкая және т.б. қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Ғалымова елде медиация институтының дамуы бойынша жүзеге асырылып отырған жүйелі шаралар туралы ақпарат берді.

Сонымен, Қоғамдық даму министрлігі мен ҚР Жоғарғы Соты арасында жасалған Меморандум аясында «2018-2019 жж. аралығында медиация институтын дамытуды қолдау жөніндегі жол картасы» әзірленуде.

Құрамына беделді медиаторлар, сарапшылар, азаматтық сектор институттарының өкілдері және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар кіретін «ҚР Қоғамдық даму министрлігі жанында медиация институтын дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңес» құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, Медиация туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі, сондай-ақ кәсібқой және кәсібқой емес медиаторлардың республикалық тізілімін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жұмыс тобы құрылуда.

Іс-шараға қатысушылардың ақпараты бойынша қазіргі таңда Қазақстанда 84 Медиация орталығы жұмыс істейді. 2 000-нан астам медиатор бар. Қылмыстық даулар бойынша медиация рәсімдерінің ең көп саны - 54%, отбасылық - 24%, коммерциялық даулар бойынша - 9%.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша медиация саласындағы заңнаманы дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.