Іздестіру формасы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде әйелдер қауымын 8 наурыз мейрамымен құттықтады

Дата размещения: 07.03.2019 - 16:47
Дата последнего обновления: 07.03.2019 - 16:47
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде әйелдер қауымын 8 наурыз мейрамымен құттықтады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзінің құттықтау сөзінде әйелдердің қоғамдағы рөліне ерекше тоқтала келе,  олар барлық салада ғана емес, сондай-ақ, елімізде болып жатқан әртүрлі  жаңашылдықтарда да өздерін белсенді көрсетіп жатқандарын атап өтті.

Министр аяулы аруларға зор денсаулық, табыс, отбасылық  бақыт тіледі.

Мереке құрметіне министрліктің бірқатар арулары грамоталармен марапатталды.  Іс-шара соңында  ұжымның ерлер қауымы мерекелік концерт ұйымдастырып,  ән мен күйден шашу шашты.