Іздестіру формасы

Қоғамдық кеңестердің даму перспективалары қоғамдық кеңестердің II Мәжілісінде талқынатын болады

Дата размещения: 06.02.2019 - 13:00
Дата последнего обновления: 06.02.2019 - 13:00
Қоғамдық кеңестердің даму перспективалары қоғамдық кеңестердің II Мәжілісінде талқынатын болады

2019 жылдың 8 ақпанында Астана қаласында қоғамдық кеңестердің ІІ Республикалық Мәжілісінде қоғамдық кеңестерді одан әрі дамыту перспективалары талқыланатын болады.

Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен, мемлекеттік органдардан, үкіметтік емес ұйымдардан және бұқаралық ақпарат құралдарынан 300 жуық қоғамдық кеңестердің өкілі қатысады.

Іс-шараға қатысушылар қоғамдық кеңестер туралы заң жобасының негізгі ережелерін, олардың қызметін бағалау жүйесін қалыптастыру мәселелерін, сондай-ақ оларды одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.

Қазақстанда қоғамдық кеңестер 2016 жылы, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалог нысаны ретінде құрылды. Қоғамның мемлекет істеріне әсер ету үшін ұйымдастырушылық мүмкіндіктер жасайтын осы мемлекеттік емес институттар – мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың ашықтығын арттыруға арналған консультативтік-кеңесші, бақылаушы мекемелер болып табылады.

Республикада, республикалық және жергілікті деңгейлерде, барлығы 229 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Атап айтқанда, республикалық деңгейде - 16, облыстар, Астана, Алматы қалалары деңгейінде - 16, қалалар мен аудандар деңгейінде – 197. Олардың қызметіне 4 мыңнан астам адам қатысады.

I Республикалық Қоғамдық кеңес мәжілісі 2017 жылғы 13 қарашада өткенін естеріңізге сала кетейік. Онда 500-ден астам делегат болды, олардың ішінде республикалық және өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен мүшелері, орталық мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері – өздерінің қызметі барысында кездесетін өзекті мәселелерді талқылап, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар көрсеткен болатын.

Қоғамдық кеңестердің мәжілісін өткізудің негізгі мақсаты – оң тәжірибе алмасу және қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар даярлау, сондай-ақ қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдардың одан әрі ынтымақтастығының механизмдері мен бағыттарын айқындау.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі.