Іздестіру формасы

Қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау бойынша байқау туралы хабарландыру

Дата размещения: 31.10.2018 - 17:29
Дата последнего обновления: 31.10.2018 - 17:29
Хабарландыру

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңның 8 мен 9 баптарына және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 тамыздағы № 516 қаулысына сәйкес, Қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау бойынша байқау туралы хабарлайды.

2018 жылдың 31 қазан мен 14 қараша аралығында Жұмыс топ коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан Қоғамдық кеңестің кандидаттарына қатысты ұсыныстарды қабылдайды.

Қоғамдық кеңестің кандидаттарына «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.

Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және азамат бір кандидаттан артық ұсынбауы қажет.

Құжаттар (коммерциялық емес ұйымның ұсынысы немесе азаматтардан түскен өтініштер, кандидаттың өмірбаяндық деректер, әділет органдарында коммерциялық емес ұйымды тіркеу туралы құжаттардың көшірмесі) күн сайын (сейсенбі мен жексенбіден қоспағанда) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін қабылданады (Астана қ., Мәңгілік Ел 8, 15 кіреберіс, тел. 74-11-68 немесе e-mail: s.dospolova@qogam.gov.kz).