Іздестіру формасы

Қоғамдық даму министрлігі Жастар жылы аясында Жол картасының жобасын әзірледі

Дата размещения: 22.11.2018 - 16:49
Дата последнего обновления: 29.11.2018 - 15:00
Қоғамдық даму министрлігі Жастар жылы аясында Жол картасының жобасын әзірледі

ҚР Қоғамдық даму министрі Дарxан Кәлетаев ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кезекті отырыс аясында Қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша "Ел ертеңі – болашақ жастардың қолында" Жол картасының жобасын әзірлегенін атап өтті.

Өз сөзінде Дарxан Кәлетаев 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты Тұжырымдамасының орындалуы барысы туралы айтты. Атап айтқанда, Министр Мемлекет басшысының 2019 жылды жастар жылы деп жариялау туралы бастамасы бойынша Жол картасының жобасы әзірленіп, оның негізгі міндеттері аталған Тұжырымдаманың басым бағыттарымен үйлестірілгенін атап өтті.

«Картаның мақсаты - жастардың әлеуетін дамыту және дамыту, олардың қоғамдық өмірдің барлық салаларында бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау. Жол картасы шеңберінде негізгі 11 жұмыс бағыты белгіленді», - деді Дархан Кәлетаев.

Министрдің айтуынша, білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қолжетімді баспана, бизнесті дамыту және қаржы сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті күшейту, патриотизм сезімін нығайту, дарынды жастарды қолдау, жастар үкіметтік емес ұйымдарын дамыту, жастар инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдау сияқты бағыттар қамтылған.

Қазіргі уақытта «Жол картасы» жобасы мемлекеттік органдармен келісілу үстінде, ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында қабылданады деп  жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес елдегі мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеу үшін негізгі диалог алаңы болып табылады. 2017 жылы Кеңес құрамы сапалы түрде өзгерді, салалық өңірлік басқармалардың жұмысын үйлестіру күшейтілді.