Іздестіру формасы

Қоғамдық даму министрлігі Отбасылық соттар жанынан отбасын ресурстық қолдау орталықтарын ашуға бастамашылық жасайды

Дата размещения: 19.02.2019 - 17:13
Дата последнего обновления: 20.02.2019 - 17:25
Қоғамдық даму министрлігі Отбасылық соттар жанынан отбасын ресурстық қолдау орталықтарын ашуға бастамашылық жасайды

ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова Астана қаласының Алматы аудандық сотына барып, отбасылық соттың қызметімен танысты.

Кездесуге ҚР Жоғарғы Соты мен Астана қаласының Алматы аудандық сотының өкілдері қатысты.

Отбасылық соттың қызметімен танысу барысында вице-министр қатысушыларды еліміздің 8 өңірінде: Астана, Алматы қалаларында және Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында отбасылық соттар жанынан отбасын қолдау ресурстық орталықтарын құру жөніндегі пилоттық жобасынан хабардар етті.

Жобаны іске асыру үшін психологтарды, медициналық және әлеуметтік қызметкерлерді, заңгерлер мен дағдарыстық жағдайлармен жұмыс істейтін мамандарды тарту жоспарланған, олар ажырасуға бастамашы болған ерлі-зайыптылар үшін, сондай-ақ олардың кәмелетке толмаған балалары үшін психологиялық, заңды және медициналық кеңес береді.

Қоғамдық даму министрлігі Отбасылық соттар жанынан отбасын ресурстық қолдау орталықтарын ашуға бастамашылық жасайды

Жас жұбайларды некеге тіркеу кезінде некеде бір-бірінен күтетін ұстанымдарын  жақсы түсінуі үшін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы ақпараттық кітапшалар таратылып, ойын үлгісінде тест өткізілетін болады. АХАЖ және әкімдіктерге ақпараттық кітапшаларды тарату үшін  әдістемелік құралдар шығару жоспарлануда. Сондай-ақ e-gov порталында әдістемелік құралдың электрондық нұсқасына қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге, халықаралық деңгейдегі беделді сарапшыларды тарта отырып, бітімгерлік рәсімдерді дамытуға бағытталған отбасылық жұптардың арасындағы ажырасудың алдын алу үшін 8 өңірдің әрқайсында оқу іс-шараларын өткізу жоспарлануда.

Отбасын қолдау ресурстық орталықтары өңірдегі отбасыларға ұсынылатын барлық қызметтер туралы ақпаратты жинақтауға, отбасы мәселелерін неғұрлым тиімді кешенді шешу үшін дағдарыс орталықтарымен және қызметтермен, ішкі істер, қорғаншылық және қамқорлық органдарымен, отбасы мәселелері жөніндегі уәкілетті органдармен, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықпен ынтымақтастықты жолға қоюға тиіс.