Іздестіру формасы

Қазақстандық делегация ЭКОСОС Жастар форумына қатысты

Дата размещения: 09.04.2019 - 14:50
Дата последнего обновления: 09.04.2019 - 14:53
Асхат Оралов

2019 жылдың 8-9 сәуірінде Нью-Йорк қаласында  БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Оралов бастаған қазақстандық делегация БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің VIII Жастар форумына қатысты.

Қазақстандық делегация құрамына «Болашақ» Қауымдастығының атқарушы директоры Л. Демесинова, «Қазақстан студенттер Альянсының» төрағасы І.Түстікбаев, «Жас Отан» Жастар қанатының    Алматы қалалық филиалының төрағасы М.Ахметов және Орталық Азияның БҰҰ Моделі үйлестіру орталығының жетекшісі В.Бахретдинов қатысты. Қазақстандық делегация ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен құрылды.

ЭКОСОС Жастар форумы бүкіл әлемдегі жастар арасындағы диалогқа, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу туралы пікір алмасуға  арналған бірегей алаң болып табылады. Биылғы жылы форум БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары шеңберінде талқыланған «Жастарды нығайту, тарту және теңдік» тақырыбына, мәселен, сапалы білім №4, лайықты еңбек және экономикалық өсу (8), теңсіздікті азайту (10), климаттың өзгеруі (13), бейбітшілік, әділ сот және әділеттілік институттары (16), тұрақты дамуды көздейтін серіктестік (17) пен 2030-дың Күн тәртібін іске асырудың әртүрлі әдістері сынды тұрақты даму мақсаттарын талқылауға баса назар аударылды.

Қазақстандық делегация жетекшісі Асхат Оралов делегация атынан мемлекеттік тілде алғы сөз сөйлеп, Қазақстандағы жастарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы қысқаша айтып берді.

Өз сөзінде ол 2019 жылдың Қазақстанда «Жастар жылы» деп жарияланғанын, оның шеңберінде арнайы «Жол картасы» әзірленіп, бекітілгені жайлы хабарлады. Картаның мақсаты - жастардың әлеуетін дамыту және дамыту үшін жағдай жасау, олардың қоғамдық өмірдің барлық салаларында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Оның негізгі міндеттері 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасының басым бағыттарымен сәйкес келеді. Мысалы, білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қолжетімді баспана, бизнесті дамыту және т.б. сияқты.

Айта кетсек, ЭКОСОС қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты дамуының барлық үш аспектісін - экономикалық, әлеуметтік және экологиялық - алға жылжытудағы қызметінің негізгі бағыты болып табылады. Бұл бағыт инновациялық ойлауды дамытуға, оны талқылауға, келесі бағыттарға қатысты іс-әрекеттер бойынша консенсусқа қол жеткізуге, сондай-ақ халықаралық деңгейде келісілген мақсаттарға қол жеткізу үшін күш-жігерді үйлестіруге көмектесетін орталық платформа.