Іздестіру формасы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі теле-, радиоарналар үшін республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыруды өткізетіні туралы хабарлайды

Дата размещения: 11.04.2019 - 17:44
Дата последнего обновления: 17.04.2019 - 15:23
Объявление

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі теле-, радиоарналар үшін республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыруды өткізетіні туралы хабарлайды.

Құжаттар конвертке салынып, мөрмен бекітілген (бар болған жағдайда), конвертте «Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурсқа» деген белгісімен және конвертте қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекіту қажет, құжаттамалардың қабылдануы 2019 жылғы «26» сәуір 17:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к., 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңсесі мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Өтінімдері бар конверттердің ашылуы Нұр-Сұлтан қ., Д. Қонаев к., 4, Қазмедиа орталығы мекенжайы бойынша 2019 жылы «29» сәуірде өтеді.

Тапсырысқа қатысу үшін өтінімді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшаға сәйкес уақтылы беру қажет.

Сонымен бірге, өтінімде Қағиданың 1-1 қосымшасына сәйкес қатысу құжаттарының тізімін қоса ұсыну қажет.

Толығарақ: 

https://qogam.gov.kz/kk/content/memlekettik-satyp-alular-1