Іздестіру формасы

Ғалымова Әлия Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы болып тағайындалды.

Дата размещения: 11.04.2019 - 11:45
Дата последнего обновления: 11.04.2019 - 11:46
Әлия Қайратқызы Ғалымова

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Әлия Қайратқызы Ғалымова Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы болып тағайындалды.

Әлия Қайратқызы Ғалымова 1970 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Түрлі жылдары Қазақ-Герман техникалық бизнес-колледжінде, Павлодар мемлекеттік университетінде, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы болды. 2003-2010 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымында бас сарапшы, бөлім меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2010-2012 жж. Павлодар облысы әкімінің орынбасары. 2012-2015 жж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы болып қызмет етті. 2016 жылы «Нұр Отан» партиясының Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі болды. 2016 жылдың қарашасынан Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы қызметін атқарды.