Іздестіру формасы

Дархан Кәлетаев жастардың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты

Дата размещения: 19.10.2018 - 17:38
Дата последнего обновления: 19.10.2018 - 17:38
Дархан Кәлетаев жастардың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев осы күндері Астанада өтіп жатқан «Инвестиция- жастарға. Ешкімді тыс қалдырмайық» тақырыбындағы халықаралық конференция барысында  Мемлекет басшысының Жолдауында жастар саясатын одан әрі іске асырудың негізгі бағыттары нақты көрініс тапқаны туралы айтты.

Конференцияның ашылуында Дархан Кәлетаев қатысушыларды жастар саласында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы хабардар етіп, сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстардың нәтижелерін бағалау туралы объективті деректер келтірді.

«Халықаралық зерттеулер орталығының мәліметі бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың арқасында біздің еліміз  білім беру индексі бойынша әлемде 35-ші орынды иеленіп, жұмыспен қамту мәселелерін тиімді шешетін 20 елдің қатарына кірді. Жастардың алға жылжу индексі бойынша әлемнің 102 елінің ішінде біз 63-ші орынды, ал, жастардың жаһандық даму индексінде 180 елдің ішінде 61-ші орынды иеленіп отырмыз»,- деп атап өтті Дархан Кәлетаев.

Дархан Кәлетаев жастардың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты

Мемлекет басшысының Жолдауында жастардың өзекті мәселелеріне үлкен назар аударылып жатқанын айтқан министр, мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтары туралы баяндады.

«Жастар саясатын одан әрі іске асырудың негізгі бағыттары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауында нақты айқындалған. Нақтырақ айтқанда негізі бағыттар мыналар: жастарға арналған әлеуметтік лифтілердің кең платформасын құру, жастарды сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, жастарды жұмысқа орналастыру, жастар үшін тұрғын үй мәселесін шешу, жастардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін жағдай жасау, отбасы институтын қолдау. Айта кету керек, осы салаларда жұмыс белсенді түрде жүзеге асуда», - деді Қоғамдық даму министрі.

Д. Кәлетаев келесі жыл «Жастар жылы» болатынын ескере отырып, жастармен бірлескен жұмыстарды айтарлықтай күшейтуді жоспарлап отырғанын айтты.

Дархан Кәлетаев жастардың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты

«Президент 2019 жылды жастар жылы деп жариялады, біз жастар арасындағы жұмыстарды едәуір нығайтуға тырысамыз. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды және болашақ жұмыс жоспарын қалыптастыру мен жүзеге асыру кезінде назарға алынады», - деді министр конференцияға қатысушылар алдында.

Конференцияның жұмысына Орталық Азия елдерін қоса алғанда, Азия-Тынық мұхит аймағының 37 мемлекетінен 200-ден астам парламентшілер, сарапшылар, халықаралық ұйымдардың, жастардың ҮЕҰ-дың, ғылыми орта және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда.

Іс-шара барысында жастардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын, заңнамаға, жастарға бағытталған жобалар мен бағдарламаларға қатысты үздік тәжірибелер алмасу мәселелері талқыланады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі,  Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі, Азия халықтары қауымдастығы және Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықты қоныстандыру саласындағы Қоры Жапония Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырды.