Іздестіру формасы

Дархан Кәлетаев Президент Жолдауын түсіндіру үшін Қостанай облысына барды

Дата размещения: 18.10.2018 - 16:39
Дата последнего обновления: 18.10.2018 - 16:42
Дархан Кәлетаев Президент Жолдауын түсіндіру үшін Қостанай облысына барды

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды. Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында өңір активімен, ҮЕҰ өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Дархан Кәлетаев Мемлекет басшысының Жолдау барысында алға қойған негізгі міндеттері туралы айта келе, аталған Жолдауда әлеуметтік процестерді қайта құру элементінің бар екендігін атап өтті.

«Біріншіден, Жолдауда халықты айрықша алаңдататын  мәселелер көрсетілген. Онда тарифтер, тұрғын үй бағасы, коммуналдық қызметтер және денсаулық сақтау салалары қамтылған. 52 мың бала бақша тәрбилеушілері біліктілігін арттырудан өтеді, оның ішінде ұлттық біліктілік тестілеу жүргізіледі, мұғалім мәртебесі көтеріледі, еңбекақы өседі. Сонымен қатар, еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды 2,5 есе ұлғайту тапсырылды. Жолдаудың осы бағыты сіздердің облыстарыңыздың ауылшаруашылығы мамандарына тікелей қатысты», - деді Д.Кәлетаев.

Қоғамдық даму министрі жастар саясатын дамыту мен Жастар жылын өткізу мәселелеріне де тоқталып өтті.

«Қазір біз жастарға арналған жеке бағдарламаны қабылдауды мақсат етпейміз. Біз жастар үшін 4 бағыт бойынша, атап айтқанда білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй және отбасы мәселелерін ескере отырып, Жолдауды жүзеге асыруға кірісеміз. Елде көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда, олардың әрқайсысына біз жастар индикаторларын енгіземіз. Осылайша жаңа бағдарлама әзірлеу қажет етілмейді. Жоғарыда аталған төрт басымдықты назарға ала келе, біз Жастар жылын өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Д.Кәлетаев.

Сонымен бірге, министр мемлекет пен қоғам арасында үнемі тұрақты байланыс болу керектігін атап өтті.  Бұл өз кезегінде ашықтықты, емін-еркін пікір алмасу, тұрғындарға  мемлекеттік саясаттың нәтижелері мен қабылданып жатқан нақты шараларды түсіндіруге мүмкіндік береді.