Іздестіру формасы

Батима Мукина «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды

Дата размещения: 09.01.2019 - 15:50
Дата последнего обновления: 09.01.2019 - 15:50
Батима Мукина

Батима Мукина «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.  

Мукина Батима Қуанышқызы 2002 жылы Алматы Экономика және Статистика институтын «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірді, 2003 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады.

Экономика ғылымдарының кандидаты (Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы). Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы
20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы.

Кәсіптік бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие (Шотландия), «Болашақ» президенттік стипендиясы шеңберінде білім алды.

Мукина Батима 2004 жылдан бастап ҚР Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекетік сатып алу комитетінің мемлекеттік қаржылық бақылау және аудит жүйесінің әртүрлі органдарында, атап айтқанда, ҚР Бюджеттік жоспарлау министрлігі Стратегиялық талдау және жоспарлау департаментінде бас маман және бас сарапшы; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде бас маман, бас кеңесші және бөлім меңгеруші болып қызмет атқарды.

Естеріңізге сала кетейк, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ 2016 жылы Қазақстанда үкімет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл механизмдерін жетілдіру, грант беру қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Орталықтың негізгі қызметі мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттарды үкіметтік емес ұйымдарға беру, сондай-ақ олардың іске асуын бақылау болып табылады.