Іздестіру формасы

Астанада «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті

Дата размещения: 06.12.2018 - 19:11
Дата последнего обновления: 06.12.2018 - 19:19
«Жомарт жүрек»

2018 жылғы 6 желтоқсанда Астанада «Жомарт-Жүрек» байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі  өтті.

«Жомарт Жүрек» сыйлығы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған бірегей жоба.

Марапаттаудың негізгі мақсаты - қайырымдылық, меценаттық және филантропия идеяларын насихаттау болып табылады.

Марапаттау рәсімінде Туған жерін дамытуға үлес қосқан бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, еріктілер мен филантроптардың 50 өкілі марапатталды. Сыйлық  «Жыл меценаты», «Жыл тұлғасы», «Туған өлке», «Ерен еріктілік», «Үздік ұйым» сияқты 5 номинация бойынша берілді.

«Жомарт Жүрек»

«Жыл меценаты» номинациясы бойынша «Асыл мирас» жеке қайырымдылық қорының негізін салушы, қоғам қайраткері Болат Өтемұратов жеңімпаз атанды.

Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры балаларға арналған   6 «Асыл мирас» аутизм орталығын ашты. Орталықтағы дәрістер  соңғы оңалту бағдарламалары бойынша жүргізіледі және тегін. «Аутизм» бағдарламасын іске асыру. Болат Жәмитұлы «Аутизм. Мир один для всех» бағдарламасын жүзеге асыруға 12,5 миллион доллар бөлді. «Асыл мирас» орталықтары 4 жыл ішінде 5000-нан астам балаға көмек көрсеткен. Биылғы жылдың көктемінде су тасқыны кезінде Шығыс Қазақстан облысында Болат Өтемұратов қоры «Қазақстанның Қызыл Жарты Ай» ұйымымен бірлесе 21 елді мекеннің 863 отбасысына 81 миллион теңгеге қолдау көрсеткен.

Сондай-ақ, аталған номинация бойынша «Альянс LTD» ЖШС директоры Асқарбек Керелбаев марапатталды.

Оның демеушілігінің арқасында Бейнеу ауылының орта мектебінде жылыжай салынған, Мұнайлы ауданының ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларына көмек көрсетілді, Досан батырдың спорт кешенінің, сондай-ақ, Тұшықұдық ауылында жабық спорт кешенінің құрылысы   қаржыландырылды, Ақтау теңіз жағасында жол салынып, абаттандырылды. А.Керелбаевтың қолдауымен қазіргі уақытта Ақшұқыр ауылында бокс залы салынуда.

Белсенді азаматтық позициясы, түрлі бағыттар бойынша кең ауқымды қайырымдылық шараларын өткізгені үшін «Жыл тұлғасы» номинациясының иегерінің бірі болып «KMG International» компаниясының бас директоры Жанат Түсіпбеков марапатталды.

Жыл сайын Ж.Түсіпбеков Қарағанды облысындағы 20-ға жуық балаларға арналған мамандандырылған мекемелеріне демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетеді. Атап айтқанда, бөлінген қаражат есебінен киім, жиһаз, тұрмыстық техника, тоқыма бұйымдары, осы мекемелердің оқушыларына арналған жабдықтар сатып алынды.

2018-2048 жылдар аралығында оның қолдауымен Қарағанды қаласындағы балалар үйлерінде, Теміртау қаласындағы «Дом надежды», «Асем», «Кұлыншақ» және  «Таншолпан» балалар үйлеріне, сондай-ақ, кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталықтарына,  бұдан бөлек Осакаровкадағы  ата-ана қамқорлығынсыз қалған Литвин мектеп- интернатына, «Ботагөз», «Қайнар» балалар үйіне  күрделі  жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аталған номинация бойынша сыйлық ағайынды Сыралиевтерге де табысталды. 

Ағайынды Асқар, Нұрлан, Ақылбек, Мейрам және Абзал Батыс Қазақстан облысындағы өздерінің  туған жерлері Әжібай   ауылында фельдшерлік- акушерлік орталықтың құрылысына 15 миллион теңге көлемінде қаржы бөлген. Олар сондай-ақ түрлі қайырымдылық шараларға тұрақты түрде қатысып отырады. Ағайынды Сыралиевтер   кез-келген азамат мүмкнідігі болса өздерінің туған өңірлерінің    әл-ауқатын көтеруге  үлес қоса алады деп есептейді.

Елді мекендерді жақсарту, саябақтарды, ескерткіштерді, балалар алаңдарын салу, денсаулық, мәдениет, білім және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін   «Туған өлке» номинациясы бойынша  Павлодар облысының  Шарбақты ауданындағы  «Победа» ЖШС директоры Александр Поляков марапатталды.   

Кәсіпкер көптеген жылдар бойы ауыл мен ауданның әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсартуға  белсенді  қатысты.  2017 жылы Орловка ауылында тұратын жас мамандар үшін 2 үй (30 млн. теңге) салынды,  Даңқ аллеясының ауласы абаттандырылды, орловка ауылының  кіреберісіне ақпараттық стелла орнатылып, ауыл ішілік жолдарда жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы ауылда православ шіркеуін салуға ( жобаның құны 70 млн. теңге) және Ақбота балабақшасының ғимаратын күрделі жөндеуге демеушілік көрсетілді. Әлеуметтік әріптестік шеңберінде А.Поляков жыл сайын көгалдандыру,  абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын іске асырады.

«Жомарт Жүрек»

Созақ ауданының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Нұрсұлу Әбдашім еріктілік қызметке белсенді қатысқаны үшін  «Ерен еріктілік»  номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі атанды. 

Оның басшылығымен қайырымдылық іс-шараларын өткізетін волонтерлер тобы әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарға  көмек көрсетеді, соның ішінде  жалғыз қалған  қарт адамдарға көмектеседі. Мысалы, 13 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді. «Кино  түні» акциясы  ұйымдастырылып, одан жиналған қаражат  мүмкіндігі шектеулі қыздың  анасына берілді.  «Жылуыңмен бөліс» акциясы барысында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың  балаларына қаржы  үлестірілді.

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды, қайырымдылық көмектің жаңа тиімді нысандарын енгізуді және (немесе)  әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға бас демеушілікті жүзеге асырғаны  үшін «Үздік ұйым» номинациясы бойынша «Универсал» ЖШС марапатталды.

Ұйым Алматы облысы Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып, қайырымдылық мақсаттарға айтарлықтай қаражат бөліп келеді.

Жыл сайын Жаркент қаласында аз қамтылған азаматтарға, көпбалалы отбасыларға және мүгедектерге соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне жалпы сомасы 24 млн.теңге бөлініп, қолдау көрсетілуде.   2018 жылы «Помощь в ИнДом»» қайырымдылық акциясы аясында 4,8 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді.

 «Универсал» ЖШС жыл сайын мектептердегі үздік оқушыларды ынталандыру үшін қаражат бөледі. Осылайша Ж.Жабаев атындағы орта мектебінің «Алтын белгі» иегерлері 350 мың теңге көлеміндегі мыйақыларға ие болды. Жаркент қаласында орталық мешіт салынып, Панфилов ауданындағы Жаңашар және Көктал ауылдарында мешіттерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Бұдан бөлек,  «Универсал» ЖШС шаруа қожалықтарына тұқым мен тыңайтқыштарды сатып алуға қолдау көрсетеді.

Әрбір номинация бойынша «Жомарт Жүрек» сыйлығының 10 жеңімпазы марапатталды.

Жеңімпаздар сайтта ашық дауыс беру арқылы анықталды. Дауыс беруге шамамен 625 мың адам қатысты.

2018 жылы еліміз бойынша 735 меценат 35 млрд теңге көлемінде қайырылымдылық жасаған. Аталған қаражаттарға спорттық нысандар, мектептер мен медициналық нысандар салынды және жөндеуден өткізілді, түрлі көмек көрсетілді, әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылды.