Іздестіру формасы

Астанада азаматтық қоғам институттарын дамыту тұжырымдамасы талқыланды

Дата размещения: 04.10.2018 - 18:43
Дата последнего обновления: 04.10.2018 - 18:43
Астанада азаматтық қоғам институттарын дамыту тұжырымдамасы талқыланды

2018 жылғы 4 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде  Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша ұлттық тыңдау өтті. 

 Ұлттық тыңдауды Қазақстанның Азаматтық Альянсы және Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырды.  Іс-шара Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму даму министрлігінің қолдауымен өтті.  

Ұлттық тыңдауға мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес сектордың өкілдері, қоғам қайраткерлері және азаматтық қоғамның белсенділері қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Асылбек Қожахметов, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ басшысы Вера Ким және т.б. бар. Аталған шараға тікелей бейнебайланыс жүйесі арқылы Қазақстанның  17  өңірінің Азаматтық Альянсының және ұкіметтік емес ұйымдардың өкілдері белсенді қатысты.

 «Биыл біз Республикалық донорлар форумын өткізуді жоспарлап отырмыз.  Министрлік мемлекет-бизнес-донорлар арасындағы сындарлы үшжақты диалогты қалыптастыру бойынша тиісті жұмыстарды атқаруда,  бұл жобалар мен бастамалардың ортақ бағытын табуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні донорлар тарапынан  Қазақстанға жіберілетін ресурстар шектеулі, өйткені біздің еліміз жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі бойынша жоғары деңгейге көшті. 2017 жылдың соңында Дүниежүзілік банк жан басына шаққандағы жалпы ұлттық кірісті 7-ден 17 мың АҚШ долларына дейінгі санатқа бағалады.

«Әрине, біз жоғары деңгейде диалог орнатуымыз қажет. Еліміз донорлық көмек тұтынушысы ретінде емес, аймақтардың дамуына үлес қосуы тиіс.  Менің ойымша осы аспектілерді назарға ала келе, мемлекеттегі азаматтық қоғамды дамыту жүйесіне жаңадан тың серпіліс жасауымыз керек» - деді Дархан Кәлетаев.

Ұлттық тыңдаулар 2025 жылдарға дейінгі Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын қалыптастыруды талқылауды  басты тақырыпқа айналдырған  алғашқы іс-шаралардың бірі болды. 

Азаматтық қоғам дамуының бұрынғы тұжырымдамасы 2006 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және өзектендіруді талап етеді. Жаңа Тұжырымдама 2018 жылы Қазақстан Республикасының VIII Азаматтық форумында таныстырылатын болады.