Іздестіру формасы

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

Дата размещения: 01.03.2019 - 19:23
Дата последнего обновления: 11.03.2019 - 17:44
 Д. Абаев

1 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алқа отырысы өтті.

Алқа отырысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметкерлері, Қазақстанның Азаматтық альянсының және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің кәсіптік одақтардың және БАҚ өкілдері қатысты.

Негізгі спикерлер азаматтық қоғам өкілдері болды. Өз баяндамаларында олар мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимыл, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық кеңестер рөлі мен волонтерлікті дамыту, конфессияаралық және этносаралық қатынастар саласындағы өзара түсіністікті нығайту саласындағы өзекті тақырыптар мен жұмыс бағыттарын түсіндірді.

Министрлік ынтымақтастықтың жобалары мен бағыттары туралы Бақыт саласындағы ұлттық жобалау кеңсесінің басшысы Ж. Дүйсенбекова, Қазақстанның Азаматтық альянсының төрағасы А. Қожахметов, Халықаралық коммерциялық емес құқық орталығы (ICNL) өкілдігінің Қазақстан бойынша бағдарламасының кеңесші – менеджері Г. Кужукеева, «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры А. Сабдин, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары З. Тұрысбеков баяндады.

Атап айтқанда, А. Қожахметов азаматтық секторды дамыту көзқарасын ұсынды. Ол өткен Қазақстанның VIII Азаматтық форумы маңызды оқиға болғанын атап өтті.

Оның пікірінше, бүгінде азаматтық қоғам мемлекеттік басқарудың маңызды мәселелерін шешуге белсенді қатысу үшін өз ресурстарын жұмылдыруға дайын. Осы мақсатта қазіргі уақытта
2025 жылға дейін Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын дайындау жүріп жатыр.

Ж. Дүйсенбекова Қазақстанның Жаһандық бақыт коалициясына қатысуы туралы айтты. Ол бүгінде бүкіл әлемде жаңа тренд қалыптасқан, оның мәні – азаматтардың бақыты мен әл-ауқатына қол жеткізу үшін тек қана экономикалық өсім жеткіліксіз екенін атап өтті. Сондықтан мемлекеттер мен әлем үкіметтері өз қоғамдарындағы әлеуметтік әл-ауқатты арттыруға бағытталған жаңа құралдар мен механизмдерді әзірлейді.

Г. Кужукеева қоғамдық кеңестердің саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру басымдықтарына назар аударды. Оның ойынша, күн тәртібінде олардың барынша ұтқырлығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселесі тұр.

А. Сабдин діни сауаттылықты арттыру саласындағы жобаларды дамыту мәселелеріне, сенушілердің де, сенбеушілердің де құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге тоқталды.

З. Тұрысбеков отандастарды қолдау, оның ішінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Отандастар» қорымен ынтымақтастық саласындағы жобаларды кеңейту және институционалдық құрылым бойынша тәсілдерді таныстырды.

Алқа соңында вице-министрлер Б. Арын, С. Коновалов, Ж. Омарбекова 2018 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2019 жылға арналған басымдықтар туралы баяндады.

Маңызды мәселелер қатарында жас азаматтардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға, кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға, жастардың білім деңгейін арттыруға, оның жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған Жастар жылы аясындағы шаралар барысы туралы атап өтілді.

Сондай-ақ, қайырымдылық саласын қайта қарау және қайырымдылық пен донорлық туралы тұжырымдамалық жаңа заң жобасын әзірлеу қажеттілігі туралы тезис айтылды, қоғамдық кеңестердің жұмысын іргелі қайта пішімдеу бойынша жұмыстың кезеңдері негізделіп, оларға қабылданатын шешімдерді қоғамдық бақылау жүйесінде шешуші рөл белгіленетіні айтылды.

Сондай-ақ, билік пен діни бірлестіктердің ынтымақтастығын нығайту бойынша, оның ішінде заңнаманы жетілдіру шеңберінде міндеттер тұжырымдалды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Абаев қорытынды сөз сөйледі. Ол Министрліктің ағымдағы жылға арналған негізгі бағыттары мен басымдықтарын белгіледі.