Іздестіру формасы

63 ұйым үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыға ие болды

Дата размещения: 29.11.2018 - 9:34
Дата последнего обновления: 29.11.2018 - 11:22
63 ұйым үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыға ие болды

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың қатысуымен Қазақстанның VIII Азаматтық форумында үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде әлеуметтік мақсаттарды шешуге елеулі үлес қосқаны үшін 63 ҮЕҰ сыйлықақыларға ие болды. Сыйлықақылардың мөлшері 2 000 АЕК, яғни
4,8 млн. теңгені құрайды.

Жалпы 196 өтінім қарастырылған. Өтінімтер мемлекеттік орган, халықаралық ұйым өкілдері, танымал қоғам қайреткерлері мен тиісті бағыт бойынша сарапшылар қатарынан құралған 74 сарапшылармен бағаланды.

63 организаций признаны победителями премии для НПО

Сыйлықақылар білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт; азаматтардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау; қоршаған ортаны қорғау; жастар саясатын мен балалар бастамасын қолдау; азаматтар мен ұйымдардың құқығын, заңды мүдделерін қорғау; мәдениет пен өнерді дамыту және т.б. салаларда көзделген мақсаттарға жету номинациялары бойынша берілді.

Сыйлықақы иегерлерінің ішінде - «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ, «Асыл Бала» ҚҚ, «Мүгедек жастар қоғамы» ҚБ, «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ, «Қазақстанда дәстүрлі музыканы дамыту қоры» ҚҚ, ««Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ, «Әйелдердің шығармашылық бастамасы лигасы» ҚБ, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестік» ҚҚ, «Десента» ҚҚ және т.б. бар.