Іздестіру формасы

Жастар саясаты

Дата размещения: 26.08.2017 - 1:18
Дата последнего обновления: 30.01.2019 - 14:57

Жастар саясаты саласында статистикалық деректермен анықтама

Ресми статистикалық деректерге сәйкес 2018 жылы республика жастарының саны (14-29 жас) -  3 900 834 млн. адам немесе 21,5 %, (2014 – 4 293 млн. адам, 2015 –4 206 млн. адам, 2016 – 4 099 млн. адам, 2017 – 3 994 млн. адам), соның ішінде қалада 2 204,8 млн. адам және ауылда 1 696,0 млн. адам.

Жастардың жұмыспен қамтылу көрсеткіштері (ресми статистика деректері бойынша)

2018 жылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша жастар арасындағы экономикалық белсенді тұрғындар саны – 2 043,8 мың адам (2016 жылы – 2272,957 мың адам, 2017 жылы - 2120,725 мың адам), жұмыс күшінің саны жұмыспен қамтылған азаматтар ретінде жіктелді – 2043,847 мың адам (олардың ішінде: жалдамалы жұмысшылар – 1555,475 мың адам, дербес жұмыспен қамтылғандар – 488,372 мың адам) және жұмыссыздар 81,869 мың адам

Анықтама ретінде: Жұмыспен қамтылғандар мәртебесі бойынша дербес жұмыспен қамтылған жастардың гендерлік қасиеті бойынша көрсеткіштері: барлығы 488 372 мың адам, олардың ішінде ерлер - 273 108 мың адам, әйелдер – 227,5  мың адам.

Экономикалық қызметі бойынша жастардың жұмыспен қамтылуының ең жоғары көрсеткіші көтерме және бөлшек саудада, автокөлікті және мотоциклдарды жөндеу - 341,5 мың адам; ауыл, орман және балық шаруашылығында - 289,5 мың адам; өнеркәсіпте - 232,2 мың адам; білім беру - 227,5 мың адам.

2018 жылдың 3 тоқсандағы қорытындысы бойынша жұмыссыз жастардың саны - 81,9 мың адам немесе жастардың жалпы санының 4,0% (2016 жылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша – 89,6 мың адам немесе жастардың жалпы санының 3,9%, 2017 жылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша – 84,7 мың адам немесе жастардың жалпы санының 4,0%).

Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша еңбек нарығының негізгі индикаторлары: жұмыссыз жастардың ең жоғары деңгейі Алматы қаласында – 6,7%, Қарағанды облысында – 4,9 %, Астана қаласында – 4,5%.

Ағымдағы жылдың 3 тоқсанындағы 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі Қазақстан Республикасында 8,7% құрады (2016 жылғы 3 тоқсан бойынша – 9,5%, 2017 жылғы 3 тоқсан бойынша – 8,2%). Өңірлерде келесідей көрініс: ең жоғары көрсеткіш Жамбыл облысында – 10,7%, Қарағанды облысында – 12,4%, ОҚО – – 10,8%, Маңғыстау облысында – 11,5 %. Ең төменгі көрсеткіш БҚО-да – 3,0%, ШҚО – 4,6 % және Қостанай облысында – 4,9%.

Анықтама ретінде: «Лайықты еңбектің индикаторлары. Тұжырымдамалар мен анықтамалар» ХЕҰ әдістемесіне сәйкес NEET жастары – жалпы жастар санының % көрсеткішінде ешқайда жұмыс істемейтін (жұмыссыз немесе жұмыс саласында емес) және оқымайтын жастардың үлесі ретінде анықталады.

Құқықбұзушылықтар – 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы 14 және 29 жастағы жастар арасындағы құқықбұзушылықтар санының 50 224 -тен 47 771 -ке дейін (2453-ге, яғни 4,9 %-ға) азаюы байқалады.

Өзі-өзіне қол жұмсау – 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы 15-29 жас аралығындағы жастар арасындағы өзі-өзіне қол жұмсау фактілерінің 654-тен 628 -ке дейін (80-ге, яғни 3,9%  ға) азайғаны байқалады.

Некелер және ажырасулар

Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылы 18-28 жас аралығындағы ерлер арасында - 91298 неке, сәйкесінше жастағы әйелдер арасында 1105794 неке жасалды.  

2017 жылғы 7 ай ішінде жастар арасында 55 877 неке (әйелдер) және 46 420 неке (ерлер) тіркелді. 

Жас ерлер арасында (18-28 жас) ажырасулар саны – 11 466. Жас әйелдер арасында (18-29 жас) ажырасулар саны – 17 855. 

Көші-қон

2016 жылы 15-29 жастағы эмигранттар саны – 8816 адам (бұл барлық эмигранттардың 25,2 %, барлық эмигранттар - 34900), олардың ішіндегі әйелдер - 4796, ерлер - 4020.

Денсаулық

2017 жылғы 6 айда:

- диспансерлік бақылаудағы психикалық ауытқулары бар жастардың (15-29) саны – 48081;

- есірткіге тәуелді жастардың (15-29) саны – 17792;

- диспансерлік есепте тұрған жасөспірімдер (15-17) саны: туберкулездің белсенді түрімен – 328, туберкулездің белсенді емес түрімен – 375;

- жастар (14-29) арасындағы онкологиялық аурулар саны – 745.