Іздестіру формасы

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

Дата размещения: 16.11.2018 - 11:04
Дата последнего обновления: 30.11.2018 - 16:46

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 2012 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясы барысында жарияланып, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырысы бойынша құрылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ЕҰУ-не қарасты «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы № 115 қаулысы 2013 жылдың 11 ақпанында қабылданды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті ректорының, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру жайлы бұйрығы 2013 жылдың 28 ақпанында бекітілді. 2013 жылы 4 наурызда ЖШС ретінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу жасалды.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретіндегі №003370 аккредитациялау туралы куәлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 2013 жылдың 14 ақпанында берілді.

2017 жылы 4 қыркүйекте ҚР Үкіметінің Қаулысымен "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы ЖШС-ның мемлекеттік үлесін иелену және пайдалану құқықтарын ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне тапсырылды.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы барлық санаттағы жастар арасындағы мәселелерді ерте анықтау мен алдын алу, жастар арасындағы үрдістерді терең зерттеу үшін құрылған. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы заңының 24-бабына сәйкес, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми зерттеулер мен мемлекеттік жастар саясатының іске асуына әдістемелік қолдау көрсетеді.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының мақсаты – мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының негізгі міндеттері:

Топтың жас мөлшеріне сәйкес жастар саясатын жүзеге асырудағы негізі бағыттар бойынша негізгі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;

Мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік өлшемдер жүргізу;

Жастар арасында мемлекет басымдықтарын өзектеу;

Жастар саясатын дамытудың басым бағыттарын модельдеу;

Мүдделі мемлекеттік құрылымдардың салааралық ынтымақтастықтарына әдістемелік қолдау көрсету;

Мемлекеттік жастар саясаты мүшелерінің біліктілік деңгейін арттыру.

Директор: Қалиев Талғат Бегімұлы

Байланыс контакті: +7 (7172) 76-93-46