Іздестіру формасы

Заң департаменті

Дата размещения: 29.08.2017 - 18:40
Дата последнего обновления: 24.06.2019 - 22:27

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының кодекстарын, заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Департаменттің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі.

Департамент:

1) Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптама жүргізу басқармасынан (бұдан әрі – НҚАҚСЖБ);

2) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасынан (бұдан әрі – ҚҚБ)

3) Талап-арыз жұмысы басқармасынан (бұдан әрі – ТАЖБ);

4) Құқықтық мониторинг және сараптама басқармасынан (бұдан әрі – ҚМСБ) тұрады.

 Заң департаменті

  1.  
 

Директор

Ахметов Жанат Сабиржанович

74 05 20