Іздестіру формасы

Вице-министрлер

Дата размещения: 23.08.2017 - 0:49
Дата последнего обновления: 19.03.2019 - 16:07

Сергей КоноваловСЕРГЕЙ АЛЕКСЕЕВИЧ КОНОВАЛОВ

Вице-министр

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Қаулысымен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.

Сергей Коновалов 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. 1998–2000 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының кіші ғылыми қызметкері және аға зертханашысы болып жұмыс істеген.

2000–2002 жылдары — ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаментінің бас маманы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас сарапшысы қызметтерін атқарған.

2002–2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеген. Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, Ақпараттық-талдау орталығының бас инспекторы лауазымдарын атқарған. 

2008–2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының кеңесшісі, сектор меңгерушісі.

2016–2018 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі.

2018 жылғы наурыз айынан қыркуйекке дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

 


ЖҰЛДЫЗ ҚАЖЫКЕНҚЫЗЫ ОМАРБЕКОВА

Вице-министр

Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбекова

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Қаулысымен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.

Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы Алматыда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Құқықтану маманы, әлеуметтік ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Түрлі жылдары әлеуметтану пәнінен оқытушы, «Бауыржан» қайырымдылық қорының атқарушы директоры және президенті болып жұмыс істеген.

2013–2014 жылдары Алматы Мәдениет басқармасы басшысының м.а., басшысы, 2014–2015 жылдары — Алматы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі таңға дейін «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.