Іздестіру формасы

Дін саласы

Дата размещения: 28.08.2017 - 10:09
Дата последнего обновления: 15.11.2018 - 19:00

Қазақстандағы діни ахуал тұрақты.

2018 жылғы ІІI тоқсандағы жағдай бойынша елімізде 18 конфессияға тиесілі 3720 діни субъекті тіркелген: 2592 исламдық, 339 православтық, 86 католиктік, 591 протестанттық, 60 Ехоба Куәгерлері, 26 Жаңаапостолдық шіркеуі, 8 «Кришна Қоғамдық Санасы», 7 иудейлік, 6 Бахаи, 2 буддистік, 2 Иса мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелері Шіркеуі (мормондар), 1 муниттер діни субъектісі.

Елімізде 3502 ғибадат үйі, оның ішінде 2592 мешіт, 301 православтық храм, 110 католиктік шіркеу, 407 протестанттық храм, 54 Ехоба Куәгерлерінің құлшылық үйі, 26 Жаңаапостолдық шіркеуінің құлшылық үйі, 6 синагог, 3 Бахаи құлшылық үйі, 2 «Кришна қоғамдық санасы» ДБ құлшылық үйі, 1 буддалық храм.

Ресми түрде 554 миссионер тіркелген, оның ішінде шетел азаматы – 435 және Қазақстан азаматы – 119.

Азаматтардың өзіндік діни тануының негізгі түрлері ислам мен христиандықпен байланысты.

Қазіргі таңда, Қазақстанда Республикалық ислам діни бірлестігі – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (бұдан әрі – ҚМДБ) аясында 2592 мешіт жұмыс істейді.

Жетекші ислам ұйымының әлеуетін сапалы ұйымдастырушылық-идеологиялық қайта құруды болжайтын 2020 жылға дейінгі ҚМДБ дамыту тұжырымдамасы кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда.

Отандық діни кадрлардың, имамдар мен теологтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Нұр-Мүбарак» университеті жанында діни экстремизмнің алдын алу саласында теологтарды қайта даярлау жөніндегі институт құрылды.

Қазақстандағы Орыс православ шіркеуі – Қазақстандағы екінші діни конфессия. Ресми деректер бойынша православиелік ғибадат үйлерінің саны – 301.

Қазақстанда Рим-католик шіркеуі жұмыс істейді, оның республика аумағында 110 ғибадат үйі бар.

Дін саласындағы уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыты – елдегі халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі жанында діни мәселелер жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (бұдан әрі – РАТТ) жұмыс істейді, оның құрамына Парламент депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері кірген.

Елімізде дін мәселесі бойынша 211 өңірлік – түсіндіру тобы (бұдан әрi – АТТ) жұмыс істейді.

Есепті кезеңде, өңірлік дін істері басқармаларының есептері бойынша 19 мыңға жуық түрлі іс-шара өткізіліп, оған 1 млн. 300 мың қазақстандық қамтылды.

Осындай іс-шаралар жастар арасында да ұйымдастырылды. Барлығы 9 мыңға жуық іс-шара өткізіліп, 500 мың адамды қамтыды.

АТТ жұмысы халықтың келесі санатына жататын адамдарға – жастарға, дінге сенетіндерге, жұмыссыздарға, сотталғандарға және олардың отбасылары мүшелеріне, жеке кәсіпорындар, сауда, қызмет көрсету және басқа да сала қызметкерлеріне бағытталған.

Дін саласындағы орта мерзімдік кезеңдегі стратегиялық бағыттарды анықтайтын, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылуда.

Қоғамдық келісім комитеті дін мәселесі бойынша ғылыми-сараптамалық қауымдастық, білікті теологтар, дінтанушылар, ҚМДБ мен мемлекеттік органдар мен басқарма қызметкерлерінен тұратын (100 адамды құрайды) республикалық ақпараттық түсіндіру тобының жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

РАТТ мүшелері өңірлерге шығу барысында халықтың нысаналы топтарымен (деструктивті діни ағымдар мүшелері, мешіт жамағаттары, жастар, әйелдер аудиториясы, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар және т.б.) түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2018 жылдың 9 айы бойынша РАТТ мүшелерінің қатысуымен еліміздің барлық аймақтарында 170 іс-шара өткізіліп, оған 14 мың адам қамтылды.

Сондай-ақ, рухани және ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыруға, қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға, сонымен қатар діндар әйелдер арасында діни экстремизмнің таралуын болдырмауға бағытталған іс-шаралар жоспарланған. Нәтижесінде, 3 мың әйелді қамтыған 100-ге жуық іс-шара өткізілді.

Бұдан басқа, халық арасында алдын алу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында діни мəселелер бойынша өңірлік ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелерін оқыту жəне қайта даярлау бойынша жоба жүзеге асырылуда.

Жобаны «Парасат» консультативтік-әдістемелік орталығы жүзеге асырады.

Жоба аясында қазан-желтоқсан айларында Қарағанды, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында оқыту семинарлары ұйымдастырылады.

Оқу семинарларына дінтану мәселелері бойынша тестілеу өткізу және АТТ мүшесі сертификаттарын беру көзделген.

Республикадағы діни жағдайды жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылданды. Осындай шаралардың бірі дін саласындағы заңнаманы және институционалдық базаны жетілдіру болып табылады.

Заң жобасы 12 заңнамалық актіге 53 түзету енгізумен  (3 кодекс және 9 заң) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2017 жылғы 29 желтоқсанда енгізілді. Парламент Мәжілісінің Жұмыс тобы отырысында Заң жобасын талқылау барысында өзгертулер саны екі есеге көбейді (ағымдағы жылғы 23 мамырда Мәжілісте 103 өзгерту мақұлданды).

Ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте Сенаттың жалпы отырысында заң жобасы екінші оқылымда қаралып, Мәжіліс депутаттарына жіберілді.

Жалпы алғанда, елдегі діни ахуал мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының, діни қызмет саласындағы үйлестірілген мемлекеттік саясаттың және түрлі конфессияның өкілдері арасындағы толеранттық қатынастардың арқасында тұрақты деп айтуға болады.