E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту департаментің қызметі туралы ақпарат

Этносаралық қатынастарды дамыту департаменті қызметінің негізгі бағыттары:

- Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту және сақтау бойынша мемлекеттік саясатты, сондай-ақ шетелде тұратын отандастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру;

- қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту және сақтау саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

Республикадағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту және сақтау мақсатында Департамент мынадай функцияларды атқарады:

1) этносаралық келісім саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады;

2) этносаралық қатынастар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және қарауға қатысады, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласында қабылданған актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізеді;

3) ағымдағы жағдайды және халықаралық тәжірибені талдау негізінде этносаралық қатынастар саласын, сондай-ақ шетелде тұратын отандастарды қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

4) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту сұрақтары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз етеді, сондай-ақ шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдау бойынша жұмысты ұйымдастыруға бағытталған іс-шараларды әдістемелік және ақпараттық жағынан сүйемелдейді;

5)  диаспоралармен жұмысты және шетелде тұратын отандастардың ұйымдарымен өзара іс-қимылды үйлестіруді жүзеге асырады.

6) шетелде тұратын этникалық қазақтардың және отандастардың жағдайына мониторинг және талдау жүргізеді және т.б.

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map
яндекс.ћетрика