Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттің үшжақты ынтымақтастық «АSAR» II республикалық форумының ҰСЫНЫМДАРЫ «Өңірлердің тұрақты дамуына жергілікті қоғамдастықтардың қосқан үлесі»

ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттің үшжақты ынтымақтастық «АSAR»

II республикалық форумының

ҰСЫНЫМДАРЫ

«Өңірлердің тұрақты дамуына жергілікті қоғамдастықтардың қосқан үлесі»

        Өткізу уақыты:                                                                        Алматы облысы

2018 жылғы 21-22 маусым                                                           Талдықорған қаласы

2018 жылғы 21-22 маусымда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде  өткен «Өңірлердің тұрақты дамуына жергілікті қоғамдастықтардың қосқан үлесі» тақырыбында ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттің үшжақты ынтымақтастық «АSAR» II республикалық форумының қатысушылары үкіметтік емес ұйымдар, мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды қалыптастырудың оң үрдістерін атап өтті.

Барлық үш тараптың (ҮЕҰ - бизнес - мемлекет) ынтымақтастығын одан әрі ынталандыру және дамыту мақсатында «Өңірлердің тұрақты дамуына жергілікті қоғамдастықтардың қосқан үлесі» атты үшжақты ынтымақтастықтың «АSAR» II республикалық форумының қатысушылары:            

1. Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

1.1. ҮЕҰ – бизнес - мемлекеттің өзара әрекеттесуінің дамуына жағдай жасау тұрғысынан заңнаманы жетілдіру мәселелерін қарауды;

1.2. ҮЕҰ, бизнес және мемлекет, әлеуметтік кәсіпкерлік арасындағы үшжақты серіктестікті одан әрі дамыту үшін жағдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұсынды.

Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына,  «Атамекен» ҰКП:

2. Үшжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды жалғастыру бойынша:

2.1. ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттің үшжақты ынтымақтастық мәселелерін әртүрлі диалог алаңдарында қарауды;

2.2. ҮЕҰ-дың әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін бизнес-құрылымдардың өкілдерін тартуға көмектесуді;

2.3.  Қазақстанның әлеуметтік кәсіпкерлерінің тізілімін әзірлеуді;

2.4. Қол қойылған Меморандумдар аясында үшжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды жалғастыруды ұсынады.

2.5. ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттің үшжақты ынтымақтастық «АSAR»

III республикалық форумын Павлодар облысында өткізуді ұйымдастыру.

3. Үшжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, бизнес өкілдерінің кадрлық әлеуетін арттыру жұмысын ұйымдастыру бойынша:

3.1. Жоғарғы оқу орындардың әлеуетін қолдана отырып, ҮЕҰ және бизнес тарапынан сарапшылардың қатысуы арқылы мемлекеттік қызметкерлердің  ҮЕҰ-мен, бизнеспен жұмыс істеу мәселелері бойынша біліктілік деңгейлерін арттыруды;

3.2. Жетекші сарапшылар мен ғылыми орталықтардың қатысуымен халықаралық озық тәжірибелерді зерделеуге және Қазақстандағы үшжақты ынтымақтастықтың жай-күйіне талдау жасауға бағытталған   ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етуді;

3.3. ҮЕҰ өкілдері мен мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша үкіметтік емес ұйымдар қатарынан  сарапшыларды тарта отырып, тренинг өткізуді ұсынады.

4. ҮЕҰ-бизнес-мемлекет, әлеуметтік кәсіпкерліктің үшжақты ынтымақтастығын дамытудың оң тәжірибелерін ақпараттық қамтуды қамтамасыз ету бойынша:

4.1. ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты ынтымақтастықтың, әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік тәжірибелерін, кейстерін ілгерілету мақсатында кең ауқымда ақпараттық науқан жүргізуді қамтамасыз етуді;

4.2. ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты ынтымақтастықтың, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша жергілікті қоғамдастық арасында ақпараттандыруды күшейту жөнінде шаралар қабылдауды;

4.3. ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты ынтымақтастықтың оң тәжірибелерін көпшілікке танымал ету үшін инновациялық тәсілдерді және әртүрлі коммуникациялық арналарды қолдануды ұсынады.

Жергілікті атқарушы органдарға:

5. Аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, инновациялық ынтымақтастық тетіктерін енгізу арқылы ҮЕҰ, бизнес және мемлекет арасындағы ынтымақтастық жүйесін жетілдіру бойынша:

5.1. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жергілікті қауымдастық қорының тәжірибесі негізінде жергілікті қоғамдастық қорын құру мүмкіндігін қарастыру және әлеуметтік салаға бизнесті кеңінен тарту тетіктері мен құралдарын әзірлеуді;

5.2. Өзінің кіші Отанының өзекті мәселелерін шешуде азаматтарды белсенді тарту мақсатында «Әлеуметтік бастамалар картасын» үнемі жаңарту жұмыстарын жалғастыру және үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың және мемлекеттік органдардың пайдалануын жандандыруды;

5.3. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудағы озық әлемдік тәжірибе негізінде әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуге бағытталған адамдардың стандартталмаған тәсілдері, шығармашылығы, бастамасы негізінде әлеуметтік кәсіпкерліктің нысандары мен модельдерін дамытуға жәрдемдесуді ұсынады.      

6. Ауылдық жерлерде қоғамдастықтың барлық салаларының әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын қоғамдастықты дамытуға бірлесіп қатысу әдіснамасын енгізу бойынша:

6.1. Елді мекендердің бюджеттерін қалыптастыру және  коммуналдық меншіктерін басқару процестеріне жергілікті қоғамдастықтарды тарту белсенділігін арттыруды;

6.2. ҮЕҰ-ды өңірдің даму бағдарламаларын іске асыру және мониторингілеу үдерісіне белсене қатыстыруды;

6.3. ҮЕҰ және бизнестің тиімді өзара іс-қимылы үшін өңірлердегі әлеуметтік идеялар платформасын, жәрмеңкесін жалғастыруды ұсынады.

2018 жылғы 21 – 22 маусым,

Алматы облысы Талдықорған қаласы

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы