Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

ҮЕҰ арналған сыйлықақылар бойынша сұрақ-жауаптар

1. Сыйлықақылар кімге беріледі?

Сыйлықақылар республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге үлесін қосқан ҮЕҰ-ға беріледі.

Сыйлықақыларды тағайындау конкурсына барлық ҮЕҰ қатыса алады.

Жыл сайын сыйлықақылар үкіметтік емес ұйымдарға Заңның 5-бабы 1) тармағында көрсетілген 15 бағыт (номинация) бойынша тағайындалады:

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) демография проблемаларын шешу;

6) гендерлік проблемаларды шешу;

7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;

10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

11) мәдениет пен өнерді дамыту;

12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

13) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;

14) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;

15) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу.

2. ҮЕҰ сыйлықақыларды тағайындау конкурсының нәтижесі қашан болады?

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Министріктің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс – қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесінен (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) ұсынымдарды алған күннен бастап сыйлықақыны беру туралы шешімді күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қабылдайды және бұл шешімді Министрліктің интернет-ресурсында (сайтында) 1 желтоқсанға дейін жариялайды.

Осылайша, 2017 жылдың 1 қыркүйегінде өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін Министрлік өзінің интернет-ресурсында (сайтында) сыйлықақыға үміткерлердің тізімін жариялап, жұмыс органының қарауына ұсынды.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика