Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Тезисы к выступлению за 28.07.2017

Құрметті әріптестер, қымбатты журналистер!

Ұлт жоспарының бірқатар қадамын жүзеге асыру Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жүктелгені өздеріңізге мәлім. Осы міндеттер бойынша қандай жұмыстар атқарылды, қандай көрсеткіштерге қол жеткіздік? Бүгінгі брифинг осы мәселелерге арналып отыр.

Осының ішінде ең алдымен «Есеп беретін мемлекет қалыптастыру» жөніндегі 5-ші бағытқа тоқталсақ, бұл бағыт шеңберінде 94-ші, 96-шы және 100-ші қадамдар жүзеге асырылды.

Атап айтатын болсақ, 94-ші қадам бойынша «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң қабылданып, ол азаматтық қоғам тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Мұның бірден бір себебі құжатты әзірлеуге үкіметтік емес ұйымдардың белсене атсалысуы деп білеміз.

Заңда шын мәнісінде көптеген оңды бастамалар қабылданды. Осының барлығы әрбір азаматтың мемлекеттік органдар қызметі туралы ақпаратты еркін алуы мен тарату құқығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

Азаматтар үшін тағы бір тиімді тұсы - заңда ақпаратқа қол жеткізуге шектеу қоюға тыйым салынды. Осы норманы бұзғаны үшін лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тарту мәселесі де қарастырылды.

Бұған қоса, бұл бағытта консультативтік-кеңесші орган – Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылып, оның құрамына осы Заңды әзірлеуге қатысқан тұлғалар мен азаматтық қоғам мүшелері енді. Бүгінгі күні комиссия мемлекеттің ашықтығы мен есептілігін арттыруды бағдарға ала отырып,  белсенді жұмыс жүргізіп отыр.

Дата мероприятия: 
Жұма, 28 шілде, 2017

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы