Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің

Ішкі әкімшілендіру департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Ішкі әкімшілендіру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департаменттің қарамағына:

Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы – кеңсе (бұдан әрі – ҚҚБК);

Бақылау басқармасы (бұдан әрі –ББ);

Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы (бұдан әрі – МТДБ);

Ұйымдастырушылық жұмыс басқармасы (бұдан әрі – ҰЖБ) кіреді.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері

5. ҚҚБК

5.1. Міндеттері:

2) Обеспечение руководства Министерства аналитическими и статистическими данными по документообороту.

1) Министрліктің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету.

2) Министрлік басшылығын құжат айналым бойынша аналитикалық және статистикалық деректермен қамтамасыз ету.

Функциясы: 

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінен, Қазақстан Республикасы Парламентінен, министрліктерден, ведомстволар мен басқа да ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен қағаз және электрондық тасығыштардағы құжаттарды қабылдауды, ЭҚАБЖ дерекқорында (бұдан әрі – ДҚ) тіркеуді ұйымдастыру;    

2) Министрліктің шығыс хат-хабарларын тіркеуді және адресаттарға ЭҚАБЖ арқылы электрондық форматта, қағаз тасығышта адресаттарға тиісті тізілімді жасау арқылы «Қазпошта» АҚ Астана поштамты» АФ арнайы байланыс қызметі және курьер арқылы қолма-қол жөнелтуді қамтамасыз ету, жеткізілуін тексеру; 

3) Министрліктің Істер номенклатурасын әзірлеуді ұйымдастыру, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық архивімен келісуді жүзеге асыру және оның бекітілуін қамтамасыз ету;

4) Министрліктің орталық сараптамалық-тексеру комиссиясын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне құжаттарды жауапты сақтауға беру туралы шешімді қабылдау, сондай-ақ тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды жою жөнінде шешімді қабылдау;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің қызметі процесінде құрылған архивтік құжаттарды жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану бойынша жұмыстарды өткізуді ұйымдастыру, Министрліктің ведомстволық архивінің жұмысын ұйымдастыру;

6) құжаттардың бланкілерін пайдалануға орталықтандырылған беруді, есепке алуды және бақылауды жүзеге асыру;

7) негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды тікеу және есепке алу;

8) Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне және ведомстволарына құжаттаманы басқару және қызметті құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

9) құжат айналымы бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жылдық есептерін дайындау.

6. ББ:

6.1. Міндеттері:

  1. Құжаттардың орындау барысын бақылау.
  2.  Министрлік басшылығын орындаушылық тәртіп бойынша аналитикалық және статистикалық деректермен қамтамасыз ету.    

6.2. Функциясы:

1) ЭҚАБЖ ДҚ қызметтік құжаттарды бақылауға күнделікті қоюды жүзеге асыру, қаулылардың, өкімдердің бұйрықтардың, кеңес хаттамаларының, отырыстардың, тапсырмалардың және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің өзге де құжаттарының, олардың түсуі бойынша бақылау тармақтарын ЭҚАБЖ ДҚ енгізу;

2) Бақылауда тұрған құжаттарға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Парламенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі тапсырмаларының орындалуын мониторингтеу;

3) Жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, оның ішінде «Электрондық Үкімет» порталына және Министрдің блогына келіп түсетін өтініштердің орындалуын бақылау;

4) мемлекеттік органдардың интранет-порталында (МОИП), бақылау құжаттарын хабарлау ақпараттық жүйесінде («Бағдаршам») орналасқан ҚР Президенті Әкімшілігінің және Премьер-Министрі Кеңсесінің хабарламаларымен жедел жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету;

5) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауына мониторинг жүргізу;

6) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша бақылаудағы құжаттардың алдағы екі аптада орындау мерзімі көрсетілген апталық тізбені құруды қамтамасыз ету;

7) Министрде және жауапты хатшыда өтетін аппараттық кеңеске орындаушылық тәртіп бойынша ақпарат дайындау;

8) алдағы аптада орындау мірзімі бақылауда тұрған құжаттар бойынша апта сайынғы ескерту тізбесін дайындау;

9) ағымдағы аптаға орындау мерзімімен орындалмаған құжаттардың апта сайынғы тізбелерін дайындау;

10) Министрдің азаматтарды қабылдауын, Министрдің, Жауапты хатшының, Министрдің орынбасарларының жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауының тоқсан сайынғы кестесін құрауды, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне қабылдау кестесін жолдауды қамтамасыз етеді;

11) проведение рейтинговой оценки структурных подразделений и ведомств Министерства по вопросам исполнительской дисциплины; 

Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне және ведомстволарына орындаушылық тәртіп бойынша рейтингтік бағалауды жүргізу;

12) оказание методической и практической помощи структурным подразделениям и ведомствам Министерства по соблюдению требований Регламентов вышестоящих государственных органов.

Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне және ведомстволарына жоғары тұрған мемлекеттік органдардың регламенттерінің талаптарын сақтау бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету.

6. МТДБ:

6.1. Міндеті: 

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Министрлікте мемлекеттік тіл саясатын жүргізу.

Функциялары:

1) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңын, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын, тіл саясаты мәселелері бойынша Президенттің, Үкіметтің қаулыларын және басқа да құқықтық актілерін орындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру;

2) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен көзделген тіл саясаты бойынша жұмысты ұйымдастыру;

3) Министрліктегі мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейтуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік тіл саласында қызметшілердің білімін жетілдіру;

4) кіріс және шығыс құжаттарға Министрліктің құжат айналымына, оның ішінде құжаттаманы мемлекеттік тілде жүргізу және ұйымдастыруға мониторинг жүргізу (Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне және ведомстволарына тексеріс жүргізу және жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу);

5) мемлекеттік тілді меңгеру және үштілділікті дамыту бойынша Министрліктің қызметкерлеріне курстар өткізуді ұйымдастыру;

6) мемлекеттік тілде әзірленген және жоғары мемлекеттік органдарға кететін Министрлік басшылығының құжаттарын, сондай-ақ Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық құжаттарды (мәтіндерді) редакциялауды және келісуді жүзеге асыру;

7) Министрліктің қызметі саласындағы терминологияны жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру.

7. ҰЖБ:

7.1Міндеті:

Министрліктің қызметін ұйымдық қамтамасыз ету.

7.2.Функциялары:

1) Министрліктің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру;

2) Министрліктің материалдық-техникалық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету бойынша Министрліктің бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау және орындау;

3) Министрліктің алқа жұмысын және Министр мен Жауапты хатшының аппараттық кеңестерін ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

4)  Министрліктің орталық аппаратын негізгі құралдармен, көлік құралдарымен, техникалық жабдықпен, кеңсе тауарларымен және телекоммуникациялық құралдармен жарақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Бұдан басқа Департамент: 

Департаменттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыруға және әзірлеуге қатысады және олар бойынша қорытынды дайындайды;

Департаменттің құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

Департаменттің құзыреті шегінде құжаттар бойынша материалдарды және қорытындыларды уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді;

басшылықтың  өзге де жұмыс тапсырмаларын орындайды.

8.  Департаменттің құқықтары:

1) Департамент міндеттерінің шеңберіне кіретін мәселелер жөнінде Министрлік басшылығының қарауына ұсыныстар енгізеді;

2) Департаменттің құзыретіне қатысты мәселелерді Министрліктің басшылығымен талқылауға қатысады;

3) басшылықтың тапсырмасы бойынша, Департаменттің  құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің атынан Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында, қоғамдық және өзге де кәсіпорындар мен ұйымдарда, оның ішінде шетелдік ұйымдарда өкілдік етеді;

4) Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарынан қажетті құжаттарды, есептерді, анықтамалар мен басқа да материалдарды сұратады және алады;

5) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шаралар мен кеңестер ұйымдастырады және өткізеді; 

6) әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарында, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және кәсіпорындарында Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексеруді жүзеге асырады;

7) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, Департамент өткізетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының келісімімен ведомстволық бағынысты ұйымдарын және олардың қызметкерлерін тартады; 

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрдің және жауапты хатшының Департаментке жүктеген өзге де міндеттерін жүзеге асырады.

9. Департаменттің міндеттері:

1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктер беру;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл кезінде консультативтік-кеңестік органдарда қатысу немесе басқа да қажетті көмек көрсету қажет болғанда, Департамент қызметкерлерін бөлу;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамалар беру;  

4) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

5) қызметтік әдеп қағидаларын қатаң сақтау;

6) сыбайлас жемқорлық жағдайлар белгілі болғанда, ол туралы Министрлік басшылығына немесе құқықтық қорғау органдарына мәлімдеу.

7) Департаменттің қызметшілері функционалдық міндеттемелерін орындаған кезде гендерлік кемсітушілікке жол бермеу.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру   

10. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

11. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады.

12. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

13. Белгіленген мерзімде міндетті орындалуға жататын кіріс және шығыс хат-хабарлар Министрдің және Жауапты хатшының нұсқауымен жіберіледі.

14. Департамент директорының заңнамаға сәйкес бір орынбасары бар.

15. Департамент директоры өз құзыреті шегінде Министрге, Жауапты хатшыға бағынады.

16. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

17. Осы мақсатта Департамент директоры:

1) өз орынбасарының, Департамент құрамына кіретін басқармалар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына және актілеріне сәйкес өзге өкілеттікті жүзеге асырады.

18. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департаменттің директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департаменттің директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

19. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелерге Департаменттің атынан жолданатын құжаттарға Департаменттің директоры, ал ол болмаған жағдайда Департамент директорының орынбасары қол қояды..

20. Департамент директоры, оның орынбасары, Департаменттің басқармалар басшылары және қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

21. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіпте бекітілген олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен айқындалады.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы