Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Отчет Министра информации и коммуникаций Абаева Д.А. о результатах работы Министерства информации и коммуникаций РК на заседании Общественного совета

Құрметті кеңес мүшелері!

Ең алдымен Қоғамдық Кеңестің жаңадан сайланған мүшелерін құттықтай отырып, алдағы ортақ істе баршаңызға табыс тілеймін!

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өткен бір жыл ішінде Елбасы жүктеген міндеттерге сай, ақпараттық кеңістікті нығайту мен коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бағытында, сонымен қатар азаматтарға қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру бойынша ауқымды шараларды жүзеге асырды.

Осынау іргелі істерді атқаруда Министрлік жанындағы кеңесші орган - Қоғамдық кеңестің үлесі зор екенін айрықша атап өткім келеді.

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында негізі қаланған Қоғамдық кеңес институты бүгінгі күні мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге үлкен жол ашып отыр.

Біз бүгінге дейін Қуаныш Сұлтанұлы бастаған Кеңес мүшелерімен бірнеше басқосу өткіздік. Бұл отырыстарда маңызды шешімдер қабылданып, Министрлік алдындағы мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға қатысты көптеген құнды кеңестер мен ұсыныстар ортаға салынды.

Атап айтсақ, Министрліктің стратегиялық жоспары мен 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасы мақұлданды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы таныстырылып, жан-жақты пысықталды.

Кеңес мүшелері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заңның жобасын талқылауға да үлкен үлес қосты.

Жалпы, 2016 жылы Қоғамдық кеңесте 73 нормативтік-құқықтық акті қаралса, 2017 жылдан басынан 17 жоба талқылаудан өтті.

Осының барлығы Министрліктің ел игілігі жолындағы қызметінің табысты орындалуына өзіндік үлесін қосты деп сеніммен айтуға болады.

Тұтастай алғанда, өткен кезең ішінде Министрлік «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қойылған мақсатты көрсеткіштердің басым бөлігіне мерзімінен бұрын қол жеткізді.

Келесі кезекте осы бағыттардағы жұмыстарға кеңінен тоқталып өтетін боламын.

 

Дата мероприятия: 
Сейсенбі, 23 Мамыр, 2017

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы