Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама (27.04.2018)

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі теле -, радиоарналар үшін республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыруды өткізетіні туралы хабарлайды.

Конвертке салынып, мөрмен бекітілген (бар болған жағдайда), конвертте «Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурсқа» деген белгісімен және конвертте қоса берілетін құжаттардың тізбесімен құжаттамалардың қабылдануы 2018 жылғы «11» мамыр 17:00-ге дейін Астана қ., Мәңгілік Ел к., 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі кеңсесі мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Өтінімдері бар конверттердің ашылуы Астана қ., Д. Қонаев к., 4, Қазмедиа орталығы мекенжайы бойынша теле-, радиоарналар үшін 2018 жылғы «14» мамыр өтеді.

Тапсырысқа қатысу үшін өтінімді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша Тапсырыстың шарттарына сәйкес уақтылы беру қажет.

Сонымен бірге, өтінімде Қағиданың 1-1 қосымшасына сәйкес қатысу құжаттарының тізімін қоса ұсыну қажет.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы