Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы  2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86   бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы  2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13231  болып тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары мен форматында:

2 тармақты мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) eXtensible markup language (бұдан әрі – XML) –құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатын кеңейтілетін белгілеу тілі.»;

10 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Сұратылған ашық деректерді ұсыну мүмкін болған жағдайда, мемлекеттік орган уәкілетті органнан сұрауды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы Қағидаға 2-қосымшада белгіленген ашық деректер жиынтықтарын ұсыну форматын ұстана отырып, интернет-порталда АЖО көмегі арқылы орналастырады немесе ашық деректерді мемлекеттік органның API қолдану арқылы береді немесе уәкілетті органды ашық деректерді орналастырудың жоспарланған күні туралы хабарлайды.

Ақпаратты ұсынудың мүмкін еместігінің жағдайында "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының 11-бабы 16-тармағымен көзделген негіздеме бойынша мемлекеттік орган уәкілетті органға дәлелді жауапты жолдайды.

Сервистік интегратор сұрауды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде интернет-портал арқылы уәкілетті органның сұрауды қарауы мәртебесі туралы хабарламаны ашық деректерді орналастыруға немесе өзектендіруге сұрау берген пайдаланушыларға жібереді.»;

11 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Интернет-порталда ашық деректер жиынтығын АЖО көмегі арқылы мемлекеттік органдармен орналастыру осы Қағидадағы 2-қосымшаға сәйкес ашық деректер жиынтығын ұсыну форматына сәйкес JSON форматында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдармен JSON форматында ашық деректер жиынтықтарын аудару АЖО-да орналасқан құралды пайдалана отырып, жүргізіледі.

Мемлекеттік органдар құралды пайдалану үшін ашық деректер жинақтарын осы Қағиданың 3-қосымшада көрсетілген JSON форматында ашық деректер жиынтықтарын көшіру жөніндегі құралды пайдалануға сипаттамаға сәйкес дайындайды.»;

13 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік органның API қолдана отырып, ашық деректерді ұсынуы, егер ұсынылатын ақпарат XML және JSON форматтарында мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде болған жағдайда, жасалады.».

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы ақпарат және

коммуникациялар министрінің міндетін

атқарушы                                                     Д. Абаев

Орналастырылған: 25.02.2019
Жаңартылған: 25.02.2019

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы