Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті туралы ереже

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат Комитеті туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің реттеушілік, іске асырушылық, бақылау функцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің ақпарат саласындағы стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.

2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

5. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет Төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

6. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің келісуі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

7. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттiк мекемесi.

8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14-кіреберіс.

9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

11. Комитеттің өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге құқығы жоқ.

Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, көрсетілген қызметтен түскен кірістер бюджеттің кірісіне жолданады.

12. Комитет құрамына мыналар кіреді:

1) Баспа БАҚ-та ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы;

2) Электрондық БАҚ-та ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы;

3) Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы;

4) Қоғаммен байланыс орнату және мемлекеттік органдармен үйлестіру басқармасы;

5) БАҚ саласындағы бақылау басқармасы

6) БАҚ саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасы.

 

 

2. Миссия, негiзгi мiндеттер, функциялар, құқықтар мен міндеттемелер

13. Миссиясы:

ақпараттық коммуникациялық кешенді дамыту мақсатында ақпарат саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу.

14. Міндеті:

1) Бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

2) телерадио хабар тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

4) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;

5) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде меритократия қағидатын сақтау;

6) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

7) телерадио хабар тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

Функциялары:

Баспа БАҚ-та ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы:

реттеуші:

басқарма құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;

іске асырушы:

мемлекеттік саясатты іске асыруды құзыреті шегінде қамтамасыз ету;

басқарма құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

басқарма құзыреті шегінде талаптар мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;

мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру;

басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi жауаптылыққа тарту;

басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

бақылау:

басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

Теле-, радиоарналарда ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі басқармасы:

реттеуші:

басқарма құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;

іске асыру:

басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

басқарма құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету; басқарма құзыреті шегінде талаптар мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;

басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын жауапты лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi жауаптылыққа тарту;

басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

бақылау:

басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы:

реттеуші:

басқарма құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;

іске асыру:

басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

басқарма құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

басқарма құзыреті шегінде талаптар мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;

басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;

басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

бақылау:

басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

Қоғаммен байланыс орнату және мемлекеттік органдармен үйлестіру басқармасы:

реттеуші:

басқарма құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;

іске асыру:

басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

басқарма құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

басқарма құзыреті шегінде талаптар мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;

басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi жауаптылыққа тарту;

басқарма құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

БАҚ саласындағы бақылау басқармасы:

реттеуші:

басқарма құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;

бақылау:

басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

басқарма құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

басқарма құзыреті шегінде «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асыру;

БАҚ саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасы:

реттеуші:

басқарма құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;

іске асыру:

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру;

мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді және желілік басылымдарды есепке қою, қайта есепке алу;

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;

есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттiктер мен желілік басылымдардың тізілімдерін жүргізу;

эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізу;

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;

есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік Теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;

отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру.

15. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:

Комитет:

1) өз құзыреті шеңберінде құқықтық актілерді шығаруға;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

3) бұқаралық ақпарат және телерадио хабарларын тарату саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, байқаулар және өзге де іс-шаралар өткізуге;

5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныс енгізуге;

6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Комитеттің міндеттеріне:

1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындау;

4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолдаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

5) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

6) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттарды толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу.

 

3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

16. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Төраға басқарады.

17. Комитет төрағасының заңнамада белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

18. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады.

19. Комитеттің төрағасы осы мақсаттарда:

1) Министрдің, Министрліктің жауапты хатшысының және жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларын міндетте түрде орындайды;

2) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін айқындайды;

3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Комитеттің мүддесін қорғайды;

7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін бекітеді;

8) мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға, орындалған жұмыстардың актілеріне, сондай-ақ жетекшілік ететін салафлар шеңберіндегі шарттарға қол қояды.

9) сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе әрекеттері белгілі болған кезде, ол туралы, Министрліктің басшылығын хабардар етеді;

10) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын Комитет қызметкерлерінің сақтауын қамтамасыз ету;

11) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жеке жауаптылықта болады;

12) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

Комитет төрағасының өкілеттігін орындау ол болмаған кезде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.

20. Комитет төрағасының орынбасарлары:

1) өз өкілеттігі шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

2) Министрдің, Министрліктің жауапты хатшысының, жетекшілік ететін вице-министрдің және Комитет төрағаның тапсырмаларын міндетте түрде орындайды;

3) өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4. Комитеттің мүлкі

21. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.

22. Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден қалыптасады.

23. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

24. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де жолмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Орналастырылған: 01.07.2016
Жаңартылған: 30.03.2018

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы