Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №474 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2018 – 2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 474 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

001 «Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру», 002 «Электрондық үкіметті», инфокоммуникациялық инфрақұрылымды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту» бюджеттік бағдарламалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Министрліктің Қаржы департаменті бекітілген бюджеттік бағдарламаларды күнтізбелік 3 күн ішінде Министрліктің веб-порталына орналастырсын.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.

Министр

Д. Абаев

 

Орналастырылған: 04.05.2018
Жаңартылған: 29.05.2018

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы