Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 921 қаулысымен бекітілген Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:

Іс-шаралар жоспарының уақытылы және тиісінше орындалуын қамтамасыз етсін;

есептік жылдың 10 шілдесінен және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей Министрліктің Заң департаментіне жартыжылдың және жылдың қорытындысы бойынша Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Министрліктің Заң департаменті есептік жылдың 20 шілдесінен және есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей жартыжылдың және жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыс туралы жиынтық ақпарат дайындауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысы Ж.М. Қожахметовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және қоғамдық даму

министрі                                                               Д. Абаев

 

 

Дата мероприятия: 
Бейсенбі, 3 қазан, 2019

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика