Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру (I-жартыжылдық) туралы АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы №107 бұйрығымен бекітілген(бұдан әрі – Бұйрық), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) іске асыру мақсатында, Министрлік келесіні хабарлайды.

Іс-шаралар жоспарында 25 тармақ (іс-шаралар) көзделген, оның ішінде:

бірінші жартыжылдық – 6 іс-шара;

екінші жартыжылдық – 5 іс-шара;

тоқсан сайын – 2 іс-шара;

тұрақты – 9 іс-шара;

қажеттілігіне қарай – 3 іс-шара;

жыл бойы – 1 іс-шара.

Осылайша, бірінші жарты жылдықта 20 іс – шара қарастырылған (іс-шаралардың орындалуы бойынша толық ақпарат қағаз түрінде енгізіледі), оның ішінде орындалған – 19, орындалмаған – 1 (Іс-шаралар жоспарының 21-тармағы).

Іс – шаралар жоспары 21-тармағының (Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізуді жүзеге асыру, орындау мерзімі – 2019 жылдың 1 жарты жылдығы) орындалмау себебі – аталған жоба бойынша Конкурс өтпеді, сондай-ақ жобаны екінші жартыжылдықта іске асыру жоспарлануда.

 

Дата мероприятия: 
Бейсенбі, 3 қазан, 2019

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика