Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Хаттамадан үзінді көшірме Баспасөз басылымдары (газеттер) үшін критерийлер бойынша баллдық бағалауды анықтау жөніндегі республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру 3-кезеңнің қорытындысы

Хаттамадан үзінді көшірме

Баспасөз басылымдары (газеттер) үшін критерийлер бойынша баллдық бағалауды анықтау жөніндегі республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру

3-кезеңнің қорытындысы

 

2019 жылғы 23 қыркүйектегі Нұр-Сұлтан қ.

 

Күн тәртібі:

 

Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастырудың Орындаушыларын анықтау

__________________________________________________________________

 

Тапсырысты өткізу қорытындысы бойынша Комиссия бірауыздан ШЕШІМ қабылдады:

1. Баллдық бағалауға сәйкес өлшемдер бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастырудың Орындаушыларын анықтау (республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасының № 2 қосымшасы).

2. Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін баспасөз басылымдары арасында «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» 003 бюджетік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаржылық қаражатты келесі тақырыптық бағыттар бойынша бөлінсін:

Газеттер үшін:

 

Бағыттың атауы

  1.  

Елбасы, Мемлекет басшысының жұмысын және олардың бастамаларын, ҚР Парламенті, Үкіметі, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін–өзі басқару ұйымдары өкілдерінің және басқа да қоғамдық бірлестіктердің жұмысын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын және оның іске асырылуын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

«Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын және алты арнайы жобалар - «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Заманауи әлемдегі Қазақстан мәдениеті», «100 жаңа оқулық», «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшу», «Қазақстанның 100жаңа тұлғасы», «Ауыл – Ел бесігі», сонымен қатар Мемлекет Басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Елбасының бес әлеуметтік бастамасын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін, жаңа бағыттарға – қайырымдылыққа, медиацияға, Қоғамдық келісім кеңесіне басымдылық жасай отырып, Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмысын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Мерейтойлық, еске алу күндерін ақпараттық сүйемелдеу

  1.  

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын іске асыру барысын түсіндіру , еліміздің партиялық жүйесін, азаматтық қоғамды, қоғамдық бірлестіктердің, қоғамдық кеңестердің, кәсіподақ ұйымдарының және БАҚ–тың қызметтерін дамытуды ақпараттық сүйемелдеу

  1.  

«Цифрлық Қазақстан», «Қазақстан Республикасында электрондық сауда–саттықты дамыту бойынша 2018–2020 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету, «e–gov» Электрондық Үкімет қызметі, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңын іске асыру, «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының, Құқықтық қамтамасыз ету, халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, заң жобаларының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша салалық ведомстволардың жұмыстарын және мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдерін, құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғыртуды, заң күші бар нормативтік құқықтық актілерді, заңдарды, заңнамалық актілерді, жобаларды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

ҚР Қарулы күштерінің қызметін және әскери мамандықты дәріптеу, елдің қорғаныс қабілетін, жастардың әскери–патриоттық тәрбиесін нығайту бойынша іс–шараларды, сондай–ақ Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытуды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын, ана мен баланы қорғау қызметін халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын сақтау мен қорғау бойынша қызметті, зорлық–зомбылықпен күресудің алдын алуды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы бала құқығы жөніндегі уәкілдің қызметін ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

2016-2019 жылдарға арналған білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу (ҰБТ, ТжКБ, жаңа оқу басылымдарының сараптамасы, үш тілде білім беру бағдарламасы және басқалары), , Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясының іске асырылу барысын, қосарлы оқыту бағдарламасының ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын (қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру, медициналық білім беруді жаңғырту, дәрі–дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру және басқалар), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі мәдени саясатының тұжырымдамасын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру, отандық бұқаралық ақпарат құралдарын, мәдениет пен өнер саласында кадрлық саясатты дамыту

  1.  

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытуды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдасын және халықаралық деңгейдегі спорттық оқиғаларды (олимпиадалар, универсиадалар, халықаралық ойындар, спорттың әр түрлері бойынша чемпионаттар және т.б.) ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Қазақстан Республикасының 2017–2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының іске асырылу барысын , діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет бойынша мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының іске асырылу барысын, сонымен қатар Жастар жылына арналған іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасын, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу барысын және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қызметін ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Қылмыспен, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу, есірткіге–ішімдікке тәуелділікпен, темекі тартумен күресу, жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша шараларды, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік саласындағы саясаты іске асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Қолма–қол жасалмайтын төлемдерді, цифрлық технологияларды пайдалану мәселелерін қоса алғанда, қаржы институттарының қызметтерін, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қызметі мен жобаларын, кедендік және салықтық әкімшіліктендіруді, жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының іске асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу, шағын және орта бизнеске салықтық амнистияны жүргізу, экономикалық интеграция, инвестицияларды және сауда–экономикалық ынтымақтастықты тарту, банк және қаржы секторын дамыту және еліміздің экономикалық дамуы, Астаналық экономикалық форумның жұмысы, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік–жекешелік әріптестіктің іске асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

«Жасыл көпір» серіктестіктің мемлекеттік бағдарламасын, 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі мемлекеттік тұжырымдаманың іске асырылу, ҚР энергетикалық және мұнай секторларын, энергиялық тиімділік саясатының іске асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасының (инвестициялар, аумақтық даму, инженерлік инфрақұрылым және ТКШ, ауызсумен қамтамасыз ету және басқасы) іске асырылуын, сондай–ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларын дамыту жөніндегі іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

"Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» іске асырылу барысын, ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту, жер қатынастарын, су ресурстарын дамытуды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жария ету

  1.  

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру

  1.  

Өңірлік және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту бойынша Қазақстанның жаһандық бастамаларын түсіндіру мен алға жылжытуға басымдылық жасай отырып, ҚР халықаралық саясатын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру, жалпы әлемдік қарсы шығулар мен қауіп–қатерлердің нақты факторларын жария ету. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде, сондай–ақ әлемдегі халықаралық оқиғаларды жария ету

«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» 003 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде газеттер үшін бөлінген конкурстың жалпы сомасы

122399164,02 теңге

3. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыруының Ұйымдастырушысы баллдық бағалау қорытындысына сәйкес Тапсырысты Орындаушылармен (жеңімпаздармен) мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша Келісім шарт жасасын.

Дата мероприятия: 
Дүйсенбі, 23 Қыркүйек, 2019

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика