Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті туралы

ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы мен штат санын Министрліктің жауапты хатшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.

4. Департамент:

1) Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасынан;

2) Жобаларды жоспарлау және дамыту басқармасынан;

3) Қоғамдық коммуникацияларды дамыту басқармасынан;

4) Мониторинг және талдау басқармасынан құрылады.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

5. Міндеттері:

  1. қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
  2. Департаменттің құзыреті шегінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге қатысу;
  3. Департаментке жүктелген өзге де міндеттер.

6. Функциялар:

6.1. Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасының:

реттеушілік:

  1. Департаменттің құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларын әзірлеуге қатысу;
  2. Департаменттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге мониторинг жүргізу және тиісті ұсыныстар енгізу;
  3. қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекітуге енгізу.

іске асыру:

  1. қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және іске асыру;

3) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

4) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жобалар мен жоспарларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне бекітуге енгізу;

5) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

6) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;

7) «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару бойынша жобалық офисінің қызметін қамтамасыз ету;

  1. облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы жобаларын іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру және әдістемелік сүйемелдеу;
  2. қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру;
  3. Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  4. қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған халықаралық, республикалық және басқа іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;
  5. қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламаларын тиімді іске асыру процесінде өңірлердің жетістіктерін іргерілету бойынша шаралар қабылдау;
  6. жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
  7. қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
  8. жетекшілік ететін салада мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, гранттардың іске асырылуына мониторинг және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
  9. Департамент құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
  10. Департамент құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
  11. жетекшілік ететін салада Министрлік қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;
  12. қоғамдық сананы жаңғыртуды дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, есептерді дайындауға қатысу және Министрлік басшылығына, сондай-ақ жоғарғы мемлекеттік органдарға ұсыну;
  13. қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы сөз сөйлеулер мен баяндама тезистерін дайындауға қатысу;
  14. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, арыздарын және өзге де жүгінулерін қарау;
  15. өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау;
  16. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

6.2. Жобаларды жоспарлау және дамыту басқармасының:

реттеушілік:

  1. Департаменттің құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларын әзірлеуге қатысу;
  2. Департаменттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге мониторинг жүргізу және тиісті ұсыныстар енгізу;
  3. қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекітуге енгізу.

іске асыру:

1) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және іске асыру;

3) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

4) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жобалар мен жоспарларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне бекітуге енгізу;

5) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;

6) қоғамдық жаңғырту мәселелері бойынша қызметті жоспарлауды жүзеге асыру;

7) қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

8) жетекшілік ететін сала бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу;

9) қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде жобаларды іске асыру барысында сараптамалық қатысуды қамтамасыз ету;

10) қоғамның түрлі атаулы топтарының қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламаларын іске асыру процесін оң қабылдауын қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды, жобаларды әзірлеу және іске асыру;

  1. қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған халықаралық, республикалық және басқа іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;
  2. жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
  3. қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
  4. жетекшілік ететін салада мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, гранттардың іске асырылуына мониторинг және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
  5. Департамент құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
  6. Департамент құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
  7. жетекшілік ететін салада Министрлік қызметінің тиімділігін арттыру бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізу;
  8. қоғамдық сананы жаңғыртуды дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, есептерді дайындауға қатысу және Министрлік басшылығына, сондай-ақ жоғарғы мемлекеттік органдарға ұсыну;
  9. қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы сөз сөйлеулер мен баяндама тезистерін дайындауға қатысу;
  10. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, арыздарын және өзге де жүгінулерін қарау;
  11. өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау;
  12. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

6.3. Қоғамдық коммуникацияларды дамыту басқармасының:

реттеушілік:

  1. Департаменттің құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларын әзірлеуге қатысу;
  2. Департаменттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге мониторинг жүргізу және тиісті ұсыныстар енгізу;
  3. қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекітуге енгізу.

іске асыру:

1) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және іске асыру;

3) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жобалар мен жоспарларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне бекітуге енгізу;

4) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;

5) ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құрамымен қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

6) қоғамдық сананы жаңғырту саласында қоғамдық коммуникацияларды дамытуға жәрдемдесу;

7) қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының бағыттары мен арнайы жобаларына қатысты қоғамдық пікір қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдау;

8) қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының бағыттары мен арнайы жобалары бойынша ақпараттық материалдарды таратуды және түсіндіруді қамтамасыз ету;

9) қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде іске асырылатын жобалар мен іс-шараларға (электрондық және баспа БАҚ, интернет-басылымдар, әлеуметтік желілер және басқалары) қатысты ақпараттық кеңістіктің мониторингін жүзеге асыру;

10) жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

11) қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

12) жетекшілік ететін салада мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, гранттардың іске асырылуына мониторинг және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

  1. Департамент құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

14) Департамент құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

15) жетекшілік ететін салада Министрлік қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;

16) қоғамдық сананы жаңғыртуды дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, есептерді дайындауға қатысу және Министрлік басшылығына, сондай-ақ жоғарғы мемлекеттік органдарға ұсыну;

17) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы сөз сөйлеулер мен баяндама тезистерін дайындауға қатысу;

  1. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, арыздарын және өзге де жүгінулерін қарау;

19) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау;

20) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

6.4. Мониторинг және талдау басқармасының:

реттеушілік:

  1. Департаменттің құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларын әзірлеуге қатысу;
  2. Департаменттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге мониторинг жүргізу және тиісті ұсыныстар енгізу;
  3. қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекітуге енгізу.

іске асыру:

  1. қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және іске асыру;

3) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

4) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жобалар мен жоспарларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне бекітуге енгізу;

5) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы үрдістерді талдауды және болжауды жүзеге асыру;

6) Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

7) Департамент құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

  1. Департамент құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
  2. Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарын құзыретінің шеңберінде әзірлеуге қатысу және мониторингін қамтамасыз ету;
  3. қоғамдық сананы жаңғырту саласында іске асырылатын жобаларды түзету мақсатында қоғамдық пікірге кешенді зерттеулер жүргізуді үйлестіру және қамтамасыз ету;
  4. Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеу;
  5. мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру барысына әсер еткен факторларды талдау, ұсынымдар әзірлеу;
  6. жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
  7. қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
  8. жетекшілік ететін салада мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, гранттардың іске асырылуына мониторинг және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
  9. жетекшілік ететін салада Министрлік қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;
  10. қоғамдық сананы жаңғыртуды дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, есептерді дайындауға қатысу және Министрлік басшылығына, сондай-ақ жоғарғы мемлекеттік органдарға ұсыну;
  11. қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы сөз сөйлеулер мен баяндама тезистерін дайындауға қатысу;
  12. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, арыздарын және өзге де жүгінулерін қарау;
  13. өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау;
  14. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

7. Құқықтары мен міндеттері.

Департамент өз құзыреті шегінде негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында құқылы:

1)Департаменттің құзыретіне жататын салалардағы заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

2) мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, басқа ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және азаматтарынан қажетті ақпаратты және материалдарды, сондай-ақ Департаменттің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да ақпаратты белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;

3) ақпараттық-таныстыру іс-шараларын (форумдар, таныстылымдар, конференциялар және басқа іс-шаралар), сондай-ақ Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткізуге;

4) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;

5) комиссиялардың, кеңестердің және өзге де консультативтік-кеңесші органдардың құрамына кіруге, Министрлікте және оның ведомстволарында өткізілетін іс-шараларға қатысуға;

6) Департаменттің ұйымдастырушық-әдістемелік және материалдық-техникалық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізуге;

7) өз құзыреті шегінде қоғамдық және өзге ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Департамент міндетті:

1)осы Ережеде және лауазымдық нұсқаулықтарда көзделген міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға, мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапкершілік етуге;

2)Департаменттің жұмыс жоспарларының бақылауды және орындалуын қамтамасыз етуге;

3)бақылау құжаттарының, Министрлік басшылығының тапсырмаларының уақытылы орындалуын, азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің қаралуын қамтамасыз етуге;

4) Департаменттің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктеме беруге міндетті.

3.Департаменттің қызметін ұйымдастыру

8.Департамент Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық актілеріне, актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет өкілеттіктеріне ие болады.

9.Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын директор басқарады.

10.Департамент директорының штаттық кестеге сәйкес заңнамамен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын екі орынбасары болады.

11.Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға, өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді.

12. Департамент директоры өз құзыреті шегінде Министрге, Жауапты хатшыға жетекшілік ететін Вице-министрге бағынады.

13.Департамент директоры Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

14.Бұл мақсаттарда Департамент директоры:

1) Департамент директоры орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департамент құрамына кіретін басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15. Департамент директорының орынбасары (орынбасарлары):

1)өз құзыреті шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2)Департамент директоры болмаған кезеңде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді;

3)Министрлік басшылығы және директор жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16.Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жолданатын құжаттарға директор, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

17. Департамент директоры, оның орынбасары, басқарма басшылары және қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

18. Департамент жұмыскерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарда айқындалады.

______________________________

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы