Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму

министрлігінің Персоналды басқару департаменті

туралы ЕРЕЖЕ

Бөлім 1. Жалпы ережелер

1. Персоналды басқару департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департаменттің қарамағына:

1) Кадр жұмысы басқармасы;

2) Адами ресурстарын дамыту және ынталандыру басқармасы;

3) Әдеп басқармасы.

Бөлім 2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері

5. Кадр жұмысы басқармасы:

5.1. Мақсат: Министрліктегі мемлекеттік қызметті өтудегі кадрлық құжат айналымын уақытылы және сапалы қамтамасыз ету.

Функциясы:

реттеуші:

  1. ақпарат және қоғамдық даму саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін әзірлеу;
  2. Министрліктің қызметтік куәлігін беру, есептен шығару Қағидаларын әзірлеу;

іске асыру:

1) мемлекеттік қызметке кіру, өту және тоқтатудың рәсімдерін сақтауды, сонымен қатармемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті органмен келісуді және ауыстыруды қамтамасыз ету;

2) Министрліктің құрылымын әзірлейді;

3) Министрліктің Ережесін, біліктілік талаптарын және қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру (Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен әзірленген ережелердің лауазымдық нұсқаулықтардың, біліктілік талаптардың жобаларын бекіту үшін еңгізу);

4) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы жыл сайынғы өтінімдерді дайындауды жүзеге асыру;

5) кадрлық іс жүргізуді іске асыру, оның ішінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жеке мәліметтердің есебін жүргізу;

6) Министрліктің қызметшілерін қабылдау және жұмыстан шығару туралы ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;

7) Министрлік қызметкерлерінің жеке істерін, еңбек кітапшаларын жүргізу;

8) Министрлік қызметкерлерінің жеке құрамы, іссапарлар және демалыс беру жөніндегі бұйрықтарын ресімдеу;

9) Министрліктің ресми сайтында кадр сұрақтарына қатысты ақпаратты жариялау үшін баспасөз қызметіне ұсыну;

10) Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы Медициналық орталығымен бекіту, вакцинация жүргізу және Министрлік қызметкерлерінің кешенді профилактикалық медициналық тексеруден өту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

11) лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу бойынша Комиссия қызметін ұйымдастыру;

12) Арнайы тексеру үшін мәліметтерді Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке жолдау;

13) өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне мониторинг және бақылау жүргізуге қатысу, сондай-ақ Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің/Бақылау кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау;

14) жұмыс уақытын есепке алу табелін, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын жүргізу, демалыстар кестесін қалыптастыру, қызметтік куәліктерді ресімдеу, Министрліктің жұмыскерлеріне жұмыс орнынан анықтама беру;

15) Министрлік жұмыскерлерінің алынған табыстары және салық салу объектісі болып табылатын жеке меншік құқығында оларға тиесілі мүлік туралы мәліметтерді электрондық түрде салық қызметі органдарына ұсыну, соның ішінде жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны қабылдау туралы анықтамаларды жинау бойынша жұмысын ұйымдастыру;

16) уәкілетті органдарға ұсыну үшін қажетті ақпаратты, есептерді, анықтамалық материалдарды және мәліметтерді дайындауды жүзеге асыру;

17) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесімен тағайындау, жұмыстан шығару, демалыстар туралы, оның ішінде Министрлік басшыларының іссапарларын келісу, сондай-ақ Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын тағайындауды және қызметтен шығаруды келісу және ұсыну;

18) гендерлік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша жұмыс жүргізу;

19) Министрліктің әскери міндетті жұмыскерлерін есепке алуды, Т-2 нысандағы карточкаларды жүргізу және оларды әскери есепке қоюды бақылауды жүзеге асыру, әскери мiндеттiлерге бронь беру;

20) Министрліктің құзыретіне қарасты ұйымдар бойынша ақпаратты жинақтау.

6. Адами ресурстарын дамыту және ынталандыру басқармасы:

6.1. Мақсат: Министрлік қызметшілерінің кадрлық әлеуетін дамыту.

Функциялары:

Реттеу:

1) Министрліктің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

2) Министрліктің мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту;

іске асыру:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін олардың қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;

3) мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу үшін ақпарат (жеке жұмыс жоспарларын, жылдың қорытындысы бойынша бағалау парақтарын) жинауды жүзеге асыру және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу қорытындысы бойынша талдамалық анықтамалар, қорытындылар, ұсынымдар дайындау;

4) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды конкурстық іріктеуді жүзеге асыру үшін конкурстық комиссияның (бұдан әрі – конкурстық комиссия) қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, соның ішінде конкурстық іріктеу рәсімдерін жүргізу;

5) Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және басқа да жоғары оқу орындарында қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтуі үшін құжаттар жинауды және оларды ресімдеуді жүзеге асыру;

6) Министрлік қызметшілерінің жеке құзереттіліктерінің деңгейін жоғарлату;

7) Министрлікте студенттер мен оқу орындары түлектерінің практикадан өтуі бойынша жұмысты ұйымдастыру;

8) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға алғаш рет қабылданған қызметшілерге кәсіби даярлықтарына тәжірибелі көмек көрсету сұрақтары бойынша тәлімгерлердің қызметін үйлестіру, сонымен қатар мемлекеттік қызмет істер жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тәлімгерлерді бекіту;

9) жастар практикасын ұйымдастыру, Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығымен шартқа қол қою;

10) Министрліктің кадрларына мониторингті жүзеге асыру.

6.1. Мақсат: Министрлікте ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.

Функциялар:

реттеу:

1) Министрліктің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды жүргізудің негізгі ережелерін, бағыттарын, өлшемшарттарын, тетіктерін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.

іске асыру:

  1. қызметшілерді ынталандыру үшін Министрлікте материалдық/метериалдық емес көтермелеуді еңгізу;
  2. гендерлік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша жұмыс жүргізу;
  3. тұрғын үй комиссиясының, Министрліктің жұмыскерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемақы белгілеу жөніндегі комиссияның қызметтерін ұйымдастыру;
  4. ведомстволық наградалар бойынша жұмысты ұйымдастыру, сонымен қатар тиісті құжаттарды, ұсыныстарды жинақтау және әзірлеу;
  5. мемлекеттiк әкiмшілiк қызметшілерді ротациялауды ұйымдастыру;
  6. «А» корпусының резервіне кандидаттарды қалыптастыру;
  7. мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру;
  8. уәкілетті органдарға ұсыну үшін қажетті ақпаратты, есептерді, анықтамалық материалдарды және мәліметтерді дайындауды жүзеге асыру;
  9. персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
  10. Әдеп басқармасымен бірлесіп Министрлікте корпоративтік мәдениетті жоғарлату;
  11. медальдарға, оқуға бюджеттік өтінімдерді әзірлеу.

7. Әдеп басқармасы:

7.1. Мақсат: Әдеп ережелерін, орындаушылық және еңбек тәртібінің бұзушылықтарын болдырмау.

Функциялар:

іске асыру:

1) Тәртіптік комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, қызметтік тергеп-тексерулерді жүргізу;

2) Министрлік қызметшілерінің ережелерін, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз ету;

3) қызметшілердің кешігулеріне және үстеме жұмыстарына талдау жасау;

  1.  

5) магниттік карталарға бюджеттік өтінімдерді әзірлеу;

6) магниттік карталардың есебін жүргізу.

7) қызметтік әдеп нормаларының сақталуына, сонымен қатар ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдайна мониторинг жүргізу мақсатында сауалнама жүргізу;

8) сыбайлас жемқорлыққа карсы саясатын насихаттау бойынша жұмыстар ұйымдастыру (ЗД бірге);

9) мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты шектеулерді қабылдауы туралы мемлекеттік органдардың келісімін жазбаша нысанда тіркеу;

10) лауазымға алғаш рет және жаңадан тағайындалған Министрліктің мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің ант қабылдау рәсімдерін жүргізуді ұйымдастыру;

11) корпоративтік мәдениетті дамыту, сауалнамаларды, сұрақтарды (анонимді және анонимді емес нысанда), тимбилдингтерді және өзше де шараларлы ұйымдастыру.

8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрдің және жауапты хатшының Департаментке жүктеген өзге мақсаттарды және персоналды басқару бойынша функцияларды жүзеге асырады, сонымен қоса оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

. 9. Депатамент міндеттері және құқықтары:

9.1. Департамент құқылы:

  1. мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау;
  2. Департамент құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мәліметтерді салыстырып тексеруді жүргізу;
  3. Департаменттің міндеттері шеңберіне кіретін мәселелер жөнінде Министрлік басшылығының қарауына ұсыныстар енгізуге;
  4. Департаменттің құзыретіне қатысты мәселелерді Министрліктің басшылығымен талқылауға қатысуға;
  5. басшылықтың тапсырмасы бойынша Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің атынан Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында, қоғамдық және өзге де мекемелері мен ұйымдарында өкілдік етуге;
  6. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарынан Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттарды, есептерді, анықтамалар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға;
  7. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткізуге;
  8. өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Департамент өткізетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының келісімімен олардың қызметкерлерін тартуға;
  9. уәкілетті органмен құрылған кадрларды даярлау сұрақтары бойынша жұмыс топтарының жұмыстарына қатысуға;
  10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.

9.2. Департаменттің міндеттері:

  1. Министрлік бойынша бекітілген кестелерге сәйкес кезекті еңбек демалыстарының уақтылы берілуін бақылауды жүзеге асыру;
  2. мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету;
  3. мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
  4. Министрлік қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
  5. конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, тәртіптік жауаптылыққа тарту, қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
  6. Департаменттің міндеттері шеңберіне кіретін мәселелер жөнінде Министрлік басшылығының қарауына ұсыныстар енгізу;
  7. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беру;
  8. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасасу кезінде консультативтік-кеңестік органдарда оның (олардың) қатысуы немесе басқа да тиісті қызметтік көмек көрсету үшін қажет болған жағдайда Департаментің қызметкерін(лерін) бөлу;
  9. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдар ресми сұрау салған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды беру;
  10. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат дайындау және оны Министрліктің МОИП-ында уақытылы орналастыру;
  11. Департаменттің құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасу;
  12. Департаменттің құзыреті шегінде кіріс және шығыс ақпараттары бойынша материалдарды және тұжырымдамаларды уақытылы дайындау;
  13. кадрларды даярлау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру;
  14. мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
  15. Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әдеп нормасын сақтауын қамтамасыз ету;
  16. белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жағдайлары туралы Министрліктің басшылығын немесе құқық қорғау органдарын хабардар ету;
  17. Департамент қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде гендерлік кемсітушілікке жол бермеу;

17) Департаменттің құзыреті шеңберінде бюджетті қалыптастыру шегінде мемлекеттік сатып алу және нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі жөніндегі іс-шараларды жүргізуді уақытылы ұйымдастыру;

18) Департаменттің құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу жоспары тармақтарының уақытылы және сапалы орындалуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сатып алу порталында дауыс беруге жауапты адамдарды бекіту;

19) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап-арызды уақытылы ұсынуды және оны беру қажеттігі туралы Заң департаментін хабардар етуді үйлестіру;

20) Департаменттің құзыреттері шеңберінде жетекшілік ететін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру;

21) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа карсы саясатының тиімділігін арттыру жөнінде шаралар әзірлеуге қатысу;

22) жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, Министрлік басшылығының бақылау тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Бөлім 3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

10. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

11. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Директор басқарады.

12. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

13. Департамент директоры өз құзыреті шегінде Министрге, Жауапты хатшыға бағынады.

14. Кіріс және шығыс хат-хабарлары хаттарын Министр немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның, жауапты хатшы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның нұсқаумен жібереді, олар белгіленген мерзімдерде міндетті түрде орындалуға жатады.

15. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да құрылымдық бөлімшелерге Департаменттің атынан жіберілетін құжаттарға Департаменттің директоры, ал егер ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам қол қояды.

16. Департамент директорының заңнамаға сәйкес бір орынбасары болады.

17. Департамент директоры жауапты хатшыға Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар ұсынады.

18. Осы мақсатта Департамент директоры:

1) Департаменттің құрамына кіретін өз орынбасарының, басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

19. Департамент директорының орынбасары:

1) өкілеттігі шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департаменттің директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

3) лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

20. Департамент директоры, оның орынбасары, басқарма басшылары және қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

21. Департамент жұмыскерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілетін олардың лауазымдық нұсқаулықтарында айқындалады.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы