Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің

Заң департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының кодекстарын, заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі.

4. Департамент:

1) Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптама жүргізу басқармасынан (бұдан әрі – НҚАҚСЖБ);

2) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасынан (бұдан әрі – ҚҚБ)

3) Талап-арыз жұмысы басқармасынан (бұдан әрі – ТАЖБ);

4) Құқықтық мониторинг және сараптама басқармасынан (бұдан әрі – ҚМСБ) тұрады.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. НҚАҚСЖБ:

5.1. Міндеті: құқықтық актілерге заңдық сараптама жүргізу арқылы Министрлік қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу.

Функциялары:

іске асыру:

1) Министрлік және басқа да мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ халықаралық шарттардың, оның ішінде құпия құжаттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;

2) әзірлеушісі Министрлік болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, бұйрықтардың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде өту кезеңіне қатысу;

3) әзірлеушісі Министрлік болып табылатын заң жобаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде өту кезеңіне қатысу;

4) Министрлік басшыларының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындауға қатысу;

5) заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына қатысу үшін материалдар дайындау, ведомствоаралық комиссияның шешімдерін орындауды ұйымдастыру;

6) Министрлікте әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оның ішінде оларды Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен дайындауға қатысу;

7) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына қатысу;

8) Министрліктің жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерін өткізу;

9) Басқарма құзыреті шегінде басшылықтың қатысуымен өткізілетін отырыстарға, кеңестерге материалдар дайындау;

10)  Басқарма құзыреті шегінде бұқаралық акпарат құралдарына және Министрліктің интернет-ресурста Министрліктің қызметін жариялау;

11) мемлекеттік орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттік органның мүдделерiн бiлдiредi;

12) Министрлік және Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру.

6. ҚҚБ:

6.1. Міндеті: Министрліктің қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Министрліктің және оның ведомстволарының жұмыскерлеріне норма шығармашылық мәселелері бойынша консультация беру;

2) құрылымдық бөлімшелердің сұрау салулары және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру, ақпарат және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың заңнамалық қорытындыларын дайындау, түсіндіру;

3) заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Министрліктің құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсiнiктеме әзірлейді;

4) Министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының,  директорлар кеңесінің, бақылау кеңесінің құжаттарын қарастырады.

5) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындау;

6) Басқарма құзыреті шегінде басшылықтың қатысуымен өткізілетін отырыстарға, кеңестерге материалдар дайындайды;

7) Басқарма құзыреті шегінде бұқаралық акпарат құралдарына және Министрліктің интернет-ресурста Министрліктің қызметін жариялайды;

8) мемлекеттік орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттік органның мүдделерiн бiлдiредi;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау бойынша жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлейдi және iске асырады, Министрлікте жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастырады;

10) ұйымдастырушылық және кадрлық мәселелер бойынша құқықтық актілердің жобаларын қарастырады;

11) мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша шарттардың жобаларын қарастырады;

12) мемлекеттік ақпараттық тапсырыс бойынша шарттар жариялаудың жобаларын қарастырады;

13) тәртіптік, тұрғын үй, аттестация комиссияларының, жұмыс өтілі бойынша комиссияның, тәлімгерлер кеңесінің, сондай-ақ өзге де тұрақты және уақытша комиссияларының  құжаттарын қарастыру;

14) Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспар жобаларын қарастырады;

15) шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

16) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзеді;

17) Министрлік және Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.

7.  ТАЖБ:

7.1. Міндеті: сот-талап қою қызметін жүзеге асыру, құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.

Функциялары:

іске асыру:

1) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өтінішхаты бойынша сот органдарына талап қою арыздарын беру;

2) сотта  Министрліктің атынан өкілдік ету, Министрліктің талап қою талаптарын қолдау;

3) заңды күшіне енгізілген сот актілерінің орындалуы жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;

4) сотта Министрліктің мүдделерін білдіру үшін қажетті сенімхат және қажетті өзге де құжаттарды әзірлеу;

5) сот-наразылық істері мәселелері бойынша Министрліктің ведомстволарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

6) тұрақты негізде сот-наразылық жұмыстары мониторингін жүргізу;

7) Министрліктің сот-наразылық жұмыстарының барысы туралы Министрліктің басшылығына ақпарат беру;

8) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, барлық сот сатыларында мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтінішхаттармен жүгіну.

9) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшеліктерін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне қарастырады;

10) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобаларын Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне қарастырады;

11) шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді;

12) әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша ведомстваларға консультативтік көмек көрсету;

13) мемлекеттік бақылау өткізу мәселелері бойынша ведомстваларға консультативтік көмек көрсету;

14) Басқарма құзыреті шегінде басшылықтың қатысуымен өткізілетін отырыстарға, кеңестерге материалдар дайындайды;

15) Басқарма құзыреті шегінде бұқаралық акпарат құралдарына және Министрліктің интернет-ресурста Министрліктің қызметін жариялайды;

16) мемлекеттік орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттік органның мүдделерiн бiлдiредi;

17) Министрлік және Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.

8. ҚМСБ:

8.1. Міндеті: нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу және заңнаманы қолдану практикасын қорыту, сондай-ақ Департамент қызметін талдамалық қамтамасыз ету.

Функциялары:

іске асыру:

1) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiредi;

2) Министрліктің норма шығармашылық қызметiн талдайды және талдау нәтижелерi бойынша Министрліктің жауапты хатшысына оны жетiлдiру және анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

3) Министрлікке келiп түсетiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын ұйымдастырады;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен  заң жобаларын ғылыми экономикалық сараптамаға жіберуді қамтамасыз етеді;

5) заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Министрліктің құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсiнiктеме дайындайды;

6) Басқарма құзыреті шегінде басшылықтың қатысуымен өткізілетін отырыстарға, кеңестерге материалдар дайындайды, Құқықтық саясат жөніндегі кеңесте қарау үшін материалдар дайындайды, ұсыныстар енгізеді;

7) мемлекеттік органның қызметін құқықтық қамтамасыз етуді бағалау шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингі жөнінде ақпаратты дайындайды;

8) Департамент құзыреті шегінде бұқаралық акпарат құралдарына және Министрліктің интернет-ресурста Министрліктің қызметін жариялайды;

9) мемлекеттік орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттік органның мүдделерiн бiлдiредi;

10) қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылу туралы ақпаратты Әдңлет министрлігіне ұсынады;

11) Парламенттің қарауындағы заң жобаларының сілтеме нормаларын іске асыру мақсатында Министрлік  әзірлеген нормативтік құқықтық актілер жобалары туралы ақпаратты Әділет министрлігіне жолдайды;

12) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өткізілуі туралы ақпаратты, сондай-ақ Жоспардың орындалу барысы туралы есепті Әділет министрлігіне жіберу;

13) нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жүргізу;

14) ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жүргізу;

15) Министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралары Жоспарын әзірлеу, бекіту және оның орындалуын үйлестіру;

16) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жағдайы бойынша аппараттық жиналыстарға ақпарат дайындау;

17) Департамент басшылығы тапсырмасы бойынша талдамалық ақпаратты дайындау;

18) Департамент құзыретіне жатқызылған сұрақтар бойынша Департаменттің басқа басқармаларын талдамалық қамтамасыз ету;

19) Департаменттегі кіріс құжаттары бойынша жалпы жинақтауды жүзеге асырады;

20) Департаменттің жұмыс Жоспарының жобасын әзірлеу және оның орындалуын үйлестіру;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттауға Министрлікте жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыруға қатысады;

22) Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.

9. Құқықтары мен міндеттері:

1) Министрліктің құрылымдық бөлімшесіненқажетті ақпаратты сұратуға және алуға, сондай-ақ өз міндеттерін орындау үшін қажетті қосымша ақпараттар үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салумен өтініш білдіреді;

2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және құқықтық мәселелер бойынша Министрліктің құжаттарын әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және Министрлікте құқықтық жаппай оқыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін Министрлік басшылығының келісімімен басқа құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерін тартуға;

3) құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін сот талқылауларына қатысуға тарту;

4) заңнаманы бұзуға жол берген адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерге бастама жасауға;

5) Министрлікте және оның ведомстволарында құқықтық жұмыстардың жай-күйін және заңдылықтың сақталуын тексеруге; көрсетілген ұйымдарда құқықтық жұмыстардың жай-күйін және заңдылықтың сақталуын тексеруді Министрліктің жауапты хатшысының шешімі (тапсырмасы) бойынша Департамент жүзеге асырады; тексеру қорытындысы бойынша – тиісті ұйғарымдар, ұсынымдар, ұсыныстар бар анықтама жасайды және оны Министрліктің басшылығына ұсынады;

6) басшылықтың тапсырмасы бойынша Министрліктің құзыретіне кіретін құқықтық мәселелерді қарау кезінде мемлекеттік органдарда Министрліктің атынан өкілдік етуге, мемлекеттік органдар, халықаралық және өзге де ұйымдар өткізетін кеңестердің, отырыстардың, семинарлардың, конференциялардың жұмысына қатысуға;

7) Департаментке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін құрылымдық бөлімшелерден қажетті анықтамаларды, есептеулерді және басқа да материалдарды, ақпараттарды сұратуға және алуға;

8) нормативтік құқықтық актілер қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, оларға қол қоюдан бас тартуға;

9) шығарылатын нормативтік құқықтық актілер бойынша қолданыстағы заңнамаға негізделген ескертулер мен ұсыныстар беруге;

10) басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, өзгерістер, толықтырулар енгізу, күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар дайындау;

11) басшылықтың келісімімен Министрліктің, оның ведомстволарының жұмыскерлерін құқықтық оқытуды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, семинарлар, кеңестер өткізуге;

12) оның құзыретіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

13) Министрлдіктің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету кіреді.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

10. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

11. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.

12. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

13. Департамент директоры өз құзыреті шегінде Министрге, Жауапты хатшыға бағынады.

13. Кіріс және шығыс хат-хабарлары хаттарын министр, жауапты хатшы нұсқаумен жібереді, олар белгіленген мерзімдерде міндетті түрде орындалуға жатады.

14. Департамент Директорының екі орынбасарлары болады.

Департамент директорларының орынбасарлары қадағаланатын Басқармаларының еңбек және  атқарушылық тәртібіне дербес жауапты болады.

15. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

16. Директор осы мақсатта:

1) өз орынбасарының және Департаменттің құрамына кіретін Басқармалар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда жетекшілік ететін сұрақтары бойынша Департамент директорының орынбасарларының бірі қол қояды.

18. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңдық сараптама жүргізу үшін келісуге жіберген кезде заң жобаларына, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының, Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларына Департамент директоры (не оның міндетін атқарушы адам) мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып, қол қояды.

19. Басқа құрылымдық бөлімшелер әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобалары Департаменттің алдын ала келісімінсіз мемлекеттік органдарға, ұйымдарға келісуге жіберілмейді.

20. Министрліктің атынан құрылымдық бөлімшелер дайындаған құқықтық мәселелер бойынша жіберілген түсіндірмелер міндетті түрде Департаментпен келісуге жатады.

21. Осы Ережеге сәйкес Департаментке оның қызметіне тән емес қосымша функцияларды жүктеуге тыйым салынады.

22. Департамент директоры, оның орынбасары және Департаменттің басқарма басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

23. Департамент жұмыскерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарда айқындалады.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы