Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму

министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің

ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму істері министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствасы өзіне жүктелген функцияларды іске асыратын мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар беруді, волонтерлық қызметі, қоғамдық кеңестер қызметі, қайырымдылық, медиация және ішкі саясат тұрақтылық салаларында басшылықты жүзеге асырады.

2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында ашылатын есеп шоттары болады.

4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Комитеттің штат санының лимиті және құрылымы қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Комитетің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.

9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

13. Комитет:

1) Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы;

2) Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы;

3) Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасы;

4) Талдау және жоспарлау басқармасы;

5) Қоғамдық - саяси жұмыс басқармасы;

6) Қайырымдылық және волонтерлік мәселелері басқармасынан тұрады.

2-тарау. Комитеттің міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттемелері

14. Міндеттері:

1) мемлекеттік пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру, волонтерлік қызмет, қоғамдық кеңестердің қызметі, қайырымдылық, дамытуға жәрдемдесу және медиация саласында үйлестіру, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

2) Комитеттің құзыретіне жататын қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

3) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.

15. Комитеттің функциялары:

Фунциялар:

Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы:

реттеуші:

адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу.

іске асырылатын:

басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

үкіметтік емес ұйымдардың қызметі саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын жүргізуді жүзеге асыру;

үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін ұсынылатын мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру;

басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және мониторингті іске асыруға және бағалау қорытындысына қатысу;

Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы:

реттеуші:

басқарманың құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

іске асырылатын:

басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын дамыту, оның ішінде Қазақстанның Азаматтық форумын өткізу;

Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және мониторингті іске асыруға және нәтижелерін бағалауға қатысу;

Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасы:

реттеуші:

басқарманың құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру жоспарын әзірлеу;

үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың оның қызметінің нәтижелері туралы есебін қарау;

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру мониторингі және бағалау қағидаларын әзірлеу;

үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықтар беру қағидаларын әзірлеу.

іске асыру:

басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру, іске асыру мониторингі және бағалау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

орталық және жергілікті денгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру;

мемлекеттік органдар іске асыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асыру бойынша мониторинг нәтижелерін Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсынуға ақпаратты дайындау;

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастыру;

үкіметтік емес ұйымдарға оператор арқылы гранттар беру;

үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың оның қызметінің нәтижелері туралы есебін қарау;

үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақылар берудің жұмыстарын ұйымдастыру;

басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

Комиттетің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру қызметін үйлестіру;

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коомерциялық емес акционерлік қоғамының қызметін үйлестіру;

Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Талдау және жоспарлау басқармасы:

реттеу:

адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

іске асыру:

басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

Комитеттің құзыреті шегінде стратегиялық және операциялық жоспарларды әзірлеуді және келісуді қамтамасыз ету;

Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты дамуының мақсаттарын имплементация жұмыстарын ұймдастыру;

Комитеттің халықаралық ынтымақтастық саласында жұмыстар үйлестіру;

Комитеттің сараптама-талдау қызметін үйлестіру;

басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және мониторингті іске асыруға және бағалау қорытындысына қатысу;

Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Қоғамдық - саяси жұмыс басқармасы:

реттеу:

адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

іске асыру:

басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты ішкі саясат саласындағы тұрақтылығын іске асыруды қамтамасыз ету;

басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

медиация мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша мониторингті жүзеге асыру және ұсыныстар әзірлеу;

басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және мониторингті іске асыруға және бағалау қорытындысына қатысу;

Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Қайырымдылық және волонтерлік мәселелері басқармасы:

реттеу:

адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды әзірлеу;

волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды іске асыру мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;

волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

іске асыру:

басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты ішкі саясат саласындағы тұрақтылығын іске асыруды қамтамасыз ету;

басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

волонтерлік қызмет саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

волонтерлік қызмет саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

волонтерлік қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін әдістемелік сүйемелдеуді үйлестіру және ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасында волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинау және жинақтауды жүзеге асыру;

волонтерлік ұйымдарды және волонтерлерді волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға тарту және волонтерлік акциялар өткізу тәртібі бойынша ұсынымдар әзірлеу;

волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

волонтерлік қызмет саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

волонтерлік қызмет саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

Үкімет жанынан қайырымдылық бойынша консультативтік-кеңесші органның жұмысын ұйымдастыру;

қайырымдылық және басқа ұйымдармен қайырымдылық саласы мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жетілдіру;

басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және мониторингті іске асыруға және бағалау қорытындысына қатысу;

Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

4) Комитет жанында консультативтік-кеңесші органдарды құру;

5) Комитеттің құзыреті шегінде конкурстарды, фестивальдарды, конференцияларды, семинарлар және басқа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

6) азаматтық қоғамды дамытуға еңбегін сіңірген тұлғаларды мемлекеттік наградаларға ұсынуға ұсыныс енгізу;

1. Мемлекеттік органдармен ұйымдар, соның ішінде халықаралық және лауазымды тұлғалармен қарымғатынастықты орнату;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3-Тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру

17. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндерттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болатын Комитеттің төрағасы жүзеге асырады.

18. Комитет төрағасын Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму істері министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің Жауапты хатшысымен лауазымға тағайындалатын және босатылатын орынбасарлары болады.

20. Комитет төрағасы:

1) өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері ережелерін бекітеді;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін, Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда, лауазымға тағайындайды және босатады;

4) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ, Комитет қызметкерлерін, Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда, тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;

6) Комитеттің әкімшілік-ұйымдастыру, құқықтық, экономикалық және қаржылық қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерінің қызметтеріне жетекшілік етеді;

7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда тиісті заңнамаға сәйкес Комитет өкілі болады;

8) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;

9) тілдерді дамыту мен қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысқан тұлғаларға құрмет грамоталарын және алғыс хаттарды беру жөніндегі мәселелерді шешеді;

10) өз құзыреті шеңберінде басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

21. Комитет бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Комитет Төрағасының орынбасарлары:

1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;

2) Комитет басшысы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

23. Комитеттің консультациялық кеңесші орган болып табылатын алқасы болуы мүмкін. Алқаның сандық және жеке құрамын Комитеттің төрағасы бекітеді.

24. Комитет қызметін ұйымдастыру бойынша басқа да мәселелер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Министрлік және Комитеттің бұйрықтарымен реттеледі.

4-Тарау. Комитеттің мүлкі

25. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.

Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

26. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-Тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

28. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6-Тарау. Комитеттің қарамағындағы ұйым

29. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы