Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, оның ішінде «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1) БАҚ саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасынан (бұдан әрі – БАҚСМСҚБ);

2) Медиа-талдау басқармасынан (бұдан әрі – МТБ);

3) Қоғамдық медиа үдерістерді талдау және қолдау басқармасынан (бұдан әрі – ҚМҮТҚБ) тұрады.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

5. БАҚСМСҚБ:

5.1. Міндеттері:

ақпарат, балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан, бұқаралық ақпарат құралдарынан қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

Функциялары:

стратегиялық:

ақпарат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Министрлік реттейтін келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;

Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

Департамент/Комитет құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету.

реттеуші:

балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

жас ерекшелігіне қарай жіктеудің ақпараттық өнімін беру қағидалары мен әдістемесін бекіту;

жас санатының белгісіне қойылатын талаптарды бекіту;

Министрлік реттейтін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту;

бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгі ережені бекіту;

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту;

іске асыратын:

Министрлік жұмысының бағыттары, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау, халықаралық өзара іс-қимыл бойынша жиынтық-талдау қызметін ұйымдастыру;

жетекшілік ететін салаларда министрлікті одан әрі дамыту мәселелері бойынша ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына енгізу;

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелерде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу;

Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;

Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдісін талдауға қатысу және ақпараттық-талдау, статистикалық, анықтамалық және өзге де материалдарды дайындау;

бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының құқық қолдану практикасына талдау жүргізу;

Департамент құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары саласында қабылданған актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу;

ағымдағы жағдайды және халықаралық тәжірибені талдау негізінде бұқаралық ақпарат құралдары саласын құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды Департамент басшылығының қарауына енгізу;

бұқаралық ақпарат құралдарын құқықтық реттеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз ету;

ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру.

6. МТБ:

6.1. Міндеттер:

телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

Функциялары:

стратегиялық:

Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Министрлік реттейтін келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;

Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

Департамент/Комитет құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету.

реттеуші:

міндетті теле -, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын бекіту;

міндетті теле -, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту;

телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту;

телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту.

бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша ұсынымдарды әзірлеуге қатысу.

Департаменттің құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерді қарауға және әзірлеуге қатысу.

іске асырылатын:

дағдарыстық жағдайларда және ақпараттық қауіп туындаған кезде ақпараттық әрекет ету бойынша практикалық ұсыныстар мен технологиялық шешімдерді әзірлеуге жәрдемдесу.

Министрліктің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.

Министрлік жұмысының бағыттары, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау, халықаралық өзара іс-қимыл бойынша жиынтық-талдау қызметін ұйымдастыру;

жетекшілік ететін салаларда Министрлікті одан әрі дамыту мәселелері бойынша ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына енгізу;

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелерде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу;

Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;

Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдісін талдауға қатысу және ақпараттық-талдау, статистикалық, анықтамалық және өзге де материалдарды дайындау;

ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру.

бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін және бұқаралық ақпарат құралдарының саласына әсер ететін экономикалық факторларды талдау;

отандық және шетелдік медиа-салаларды талдау негізінде мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының менеджментін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

отандық бұқаралық ақпарат құралдарын экономикалық және өзге де қолдау тетіктерін әзірлеу;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары саласында маркетингтік және өзге де зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;

бұқаралық ақпарат құралдары мен Министрлік арасындағы өзара іс-қимылды әдістемелік қамтамасыз ету;

міндетті теле -, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

телерадио хабарларын тарату мақсатында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

көпарналы хабар таратуда таралуына байланысты міндетті теле -, радиоарналардың санын айқындау;

цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу тәртібі мен мерзімдерін айқындау.

7. ҚМҮТҚБ:

7.1. Міндеттер:

телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

Функциялары:

стратегиялық:

ақпарат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Министрлік реттейтін келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;

Департамент/Комитет құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

Департамент/Комитет құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.

іске асырылатын:

Министрліктің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.

Министрлік жұмысының бағыттары, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау, халықаралық өзара іс-қимыл бойынша жиынтық-талдау қызметін ұйымдастыру;

жетекшілік ететін салаларда Министрлікті одан әрі дамыту мәселелері бойынша ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына енгізу;

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелерде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу;

Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;

қоғамдық медиа үдерістерді талдауға және Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы іске асыруға және ақпараттық-талдау, статистикалық, анықтамалық және өзге де материалдарды дайындауға қатысу;

ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру.

халықаралық рейтингтерде Қазақстанның ұстанымын арттыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық рейтингтерді талдау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жөніндегі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;

бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту бойынша салалық қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл;

реттеуші:

Департамент құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерді және өзге де құжаттарды қарауға және әзірлеуге қатысу;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары саласында әлеуметтік және өзге де зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру.

8. Құқықтары мен міндеттемелері:

1) Министрліктің және Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан, ұйымдар мен азаматтардан Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат сұратуға;

2) Комитетте, Министрлікте басқа мемлекеттік органдарда құрылатын комиссиялардың, кеңестердің, жұмыс топтарының құрамына кіруге;;

3) республиканың ақпарат саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысуға;

4) Департамент құзыреті шеңберінде жетекшілік ететін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру;

5) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды жетілдіру мәселелері бойынша және Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша басшылықтың қарауына ұсыныстар енгізу;

6) Департамент құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;

7) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;

8) құзыреті шеңберінде бюджетті қалыптастыру шеңберінде, мемлекеттік сатып алу және нормативтік құқықтық актілердің мониторингі бойынша іс-шаралар өткізуді уақтылы ұйымдастыру;

9) Департамент құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу жоспарының тармақтарын уақытылы және сапалы орындауға жауапты тұлғаларды бекіту және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу порталында дауыс беру;

10) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап-арыз беру қажеттілігі туралы Заң департаментіне уақтылы ұсынуды және хабарлауды үйлестіру;

11) әзірлеуші Департамент болып табылатын немесе Департаменттің құзыретіне кіретін актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу;

12) Департамент құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының сапалы және уақтылы орындалуы, нәтижелер көрсеткіштеріне, нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыстарды жүргізуді үйлестіру.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

9. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

10. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Директор басқарады.

11. Директор Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

12. Кіріс және шығыс хат-хабарларының хаттарын Министр, Жауапты хатшы және жетекшілік ететін Вице-министр береді, олар белгіленген мерзімде міндетті түрде орындалуға тиіс.

13. Департамент директоры өз құзыреті шегінде Министрге, Жауапты хатшыға, жетекшілік ететін Вице-министрге бағынады.

14. Департамент директоры Жауапты хатшыға Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

15. Директор:

1) өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) Департамент құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16. Департамент директорының орынбасары:

1) Өз өкілеттігі шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезеңде құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал болмаған жағдайда - директордың орынбасары қол қояды.

18. Департамент директоры, оның орынбасары, басқарма басшылары және қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

19. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен айқындалады.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика