Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

«Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 16777 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жарияланды және енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидасында:

2-тармақтың 4-1) тармақшасымен келесі мазмұнымен толықтырылсын:

«4-1) ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалану – ақпараттық жүйені мақсаттарына, міндеттері мен техникалық құжаттамада жазылған талаптарға және нормативтік-техникалық құжаттамасына сәйкес штаттық режимде пайдалану;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ мемлекеттік емес Ақпараттық жүйелерді Ахуалдық орталығымен (ақпараттық-талдау жүйесімен), куәландырушы орталықтармен ұсынылатын сервистермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері бар ақпараттандыру объектілерімен біріктіру ЭҮШ, ЭҮСШ және ЭҮТШ-ті міндетті түрде пайдаланбай тікелей жүзеге асырылады.»;

6-тармағының:

2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«2) сервистік интегратор өтінімді алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бекітілген мемлекеттік органдардың архитектураларын талдауды есепке ала отырып, ақпараттандыру объектілерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптарға, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №239 бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17046 болып тіркелген) "Электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға, сондай-ақ сервистер тізілімінде ұқсас сервистердің бар-жоғына талдау жүргізеді және интеграциялық сервистің бастамашысына ЭҮШ, ЭҮСШ, ЭҮТШ-мен интеграциялауға ұсынымдар береді;»;

6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«6) интеграциялық сервистің бастамашысы ЭҮШ-де жарияланған сервисті пайдалану үшін ЭҮШ-пен ақпараттандыру объектісін интеграциялауға (тестілік және өнеркәсіптік ортасы көрсетіледі) арналған өтінімді төмендегілермен қоса осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді уәкілетті органның мекенжайына жібереді:

ақпараттандыру объектісі иесімен интеграцияға келісім;

ақпараттандыру объектілерін интеграциялау бойынша сервистік интегратордың ұсынымдары;

Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы берген АЖ-нің ашық кілті, SSL сертификаты (беру актісі);

МО БКО контурындағы өзара іс-қимыл кезінде МО БКО электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті ұйымдастыруға өтінім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тестілік немесе өнеркәсіптік ортасы көрсетіледі) қосымша беріледі;

интернет контурындағы өзара іс-қимыл кезінде (ЭҮСШ арқылы интеграцияланатын МО БКО-дан тыс АЖ үшін) VPN-туннелін құру үшін VPN-нысаны осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тестілік немесе өнеркәсіптік ортасы көрсетіледі) қосымша беріледі;

АЖ өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау туралы акті (мемлекеттік емес АЖ);

ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне оң сынақтар нәтижесімен акті(мемлекеттік емес АЖ);

техникалық құжаттаманың сараптамасы және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты(мемлекеттік емес АЖ);

мемлекеттік және мемлекеттік емес АЖ-нің ақпараттық қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыстар шарты;».

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі                       Д. Абаев

Орналастырылған: 04.12.2018
Жаңартылған: 04.12.2018

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы