Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

«Электрондық үкімет» саласындағы Қазақстан-Корея ынтымақтастығын дамыту

Құрметті семинарға қатысушылар!

Қадірлі қонақтар!

Бүгінгі жиынға қатысуға баршаңыздың арнайы уақыт бөліп, қонақжай қазақ жеріне келгендеріңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін!

Қазақстан мен Корея Республикасы көп жылдан бері өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қойған әріптес елдер саналады.

Екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына - биыл 25 жыл толып отыр.

Осы уақыт аралығында қос ел барлық деңгейде саяси диалог орнатып, екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыста үлкен нәтижелерге қол жеткізді.

Өткен жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Корея еліне барған сапары осы екіжақты қатынасының одан әрі дамуына тың серпін берді.

Бүгінгі күні стратегиялық әріптестігіміз нығая түсуде.

Осының ішінде энергетика, сауда және көлік сияқты дәстүрлі салалармен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастығымыз да үлкен орын алады.

Мысалы, қазіргі күні телерадио тарату саласындағы бірлескен жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осы жылғы 17 ақпанда Корея Коммуникация комиссиясы төрағасының орынбасары Дж. Ким мырзамен қазақстан-корей дипломатиялық қатынастарын кеңейтуге және тарихи-мәдени құндылықтарды ұлықтауға арналған жобаларды жүзеге асыру жөнінде келісім жасадық.

Құрметті әріптестер!

Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Осы кезеңде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамудың алғышартына айналып отыр.

Бүгінгі күні Қазақстан әлемнің озық 30 елінің қатарынан табылуды көздеген Үшінші жаңғыру реформасын бастады. Еліміз экономикалық өсімнің жаңа моделін құру үстінде.

Осы ауқымды бағдарламаның ең негізгі басымдықтарының бірі – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.

Дамыған елдер қазірдің өзінде бұл бағытты жүйелі жолға қойып, осының арқасында экономикаларын жаңа сапаға көтерді. 

Осы жолда озық елдер қатарындағы Корея Республикасының тәжірибесін үлгі етуге болады.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қазіргі күні Үшінші жаңғырудың аясында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу үстінде.

Корейлік әріптестермен тәжірибе алмасу осы бағдарламаны даярлау барысында бізге үлкен көмек болатыны анық.

Сіздердің «электрондық үкімет», «ақылды қалалар», «проактивті үкімет» сияқты нақты бағыттарды дамытуға қатысты ұсыныстарыңыз - біз үшін аса құнды.

Осының арқасында алдағы уақытта мамандар даярлау, тәжірибе мен технология алмасу жүйелі түрде жүзеге асады деп ойлаймын.

Әріптестік байланыстардың табысты болуы қос елдің игілігін арттыруға үлкен үлес болып қосылатынына сенімдімін.

 

Дата мероприятия: 
Дүйсенбі, 24 сәуір, 2017

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы