Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Порубаймех Василий Валерьевич, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің директоры.

1975 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.

1997 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «филология» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған.

Үш жыл шамасында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы ретінде адал еңбек еткен.

Көптеген уақыт бойы Шығыс-Қазақстан облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының, Шығыс-Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саяси департаментінің бас маманы ретінде қызмет атқарған. 2006 жылы Жастар саясаты департаментінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып тағайындалған.

2006 жылдың қараша айынан бастап 2008 жылы аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сарапшысы, бас сарапшысы лауазымында жұмыс жасаған.

2008 жылдан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары лауазымынла қызмет атқарды (2014 жылдан бастап - ҚР Мәдениет министрлігі).

2014 - 2016 жж. – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті торағасының орынбасары болып жұмыс істеді. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Ақпараттық-талдау жұмыстары департаментінің директоры ретінде де жұмыс атқарды.

2017-2019 жылдары аралығында – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болды.

2019 жылғы сәуір айынан бастап осы уақытқа дейiн Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің директоры.

Бірнеше мемлекеттiк наградаларға ие, 2018 жылы «Астана 20 жыл» медалімен марапатталған.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы